Лектордың сӛзі: Н.В.Кузьмина педагогикалық қызмет құрылымында үш ӛзара байланысқан компоненттерді ажыратады: конструктивті, ұйымдастырушы және коммуникативті. Педагогикалық қызмет осы функциональды түрлерін нәтижелі жүзеге асыру үшін белгілі қабілеттер қажет. (Слайд 3) Конструктивті қызмет. Ӛз алдына конструктивті-мазмұндық (оқу материалын таңдап алу және оны орналастыру, педагогикалық процесті жоспарлау және құру), конструктивтіоперативті (ӛзінің және оқушылардың әрекетін жоспарлау), конструктивті-материалдық (педагогикалық процестің оқуматериалдық базасын жобалау).
Ҧйымдастырушылық қызмет.Оқушыларды іс-әрекеттің түрлеріне енгізуге және ұжымды тудыруға, біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған іс-әрекеттердің жүйесін орындау болып табылады.
Коммуникативтік қызметпедагогтың тәрбиеленушілермен, мектеп педагогтарымен, қоғам ӛкілдерімен, ата-аналармен педагогикалық қарым-қатынас орнатуға бағытталған. Лектордың сӛзі: А.И.Щербаков педагог функциясын нақтылай отырып, педагогикалық қызметтің ұйымдастырушы компонентінің ақпараттық, дамытушы, бағыттаушы, бейімдеуші функцияларын белгілейді. Бұнда зерттеу функциясын ерекше атап ӛткен жӛн. Оның жүзеге асырылуы мұғалімнен педагогикалық құбылыстарға ғылыми тұрғыдан қарауды, эвристикалық ізденіс іскерлігі және ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеруді, жеке және ӛзге тәжірибені талдауды талап етеді (Слайд 4).
Барлық компоненттер кез-келген педагогтың қызметінде айқындалады. Оларды жүзеге асыру педаггтың арнайы іскерліктерін қажет етеді.
- Мәтінді «Түртіп алу» стратегиясымен ӛзбетті оқыңыз:
Мҧғалім педагогикалық қызметтің субъектісі ретінде Педагогикалық мамандық қоятын маңызды талаптардың бірі – оның ӛкілдерінің әлеуметтік және кәсіби позицияларының айқындылығы. Дәл осы позицияларда мұғалім ӛзін педагогикалық қызметтің субъектісі ретінде танытады.
Педагогтың ҧстанымы – бұл тұлғаның белсенділігінң кӛзі болып табылатын оның педагогикалық ақиқатқа, педагогикалық қызметке, дүниеге деген интеллектуальды, еріктік және эмоциональды-құндылықты қарым-қатынастар жүйесі. Ол, бір жағынан, қоғам тарапынан қойылатын талаптармен, оның мүмкіншіліктерімен, екінші жағынан, педагогтың ішкі тұлғалық белсенділігімен (қызығушылықтары, мотивтері, мақсаты, құндылықтарға бағытталуы, кӛзқарасы, идеалдары) анықталады.
Педагог ұстанымында оның тұлғасы, әлеуметтік бағытталу сипаты, азаматтық мінез-құлқы мен іс-әрекет типі кӛрінеді.
Педагогтың әлеуметтік ҧстанымының негізі жалпы білім беретін мектепте қалыптасқан пікірлер, кӛзқарастар, сенімдер, құндылықты бағдарларға негізделеді. Олардың негізінде кәсіби дайындық барысында педагогикалық мамандыққа, педагогикалық қызметтің мақсаты мен құралдарына қатнасы қалыптасады.
Мотивациялық-құндылықты қарым-қатынас мұғалім тұлғасының ӛзегі болып табылатын педагогикалық бағытталуда кӛрінеді.
Педагогтың әлеуметтік позициясы оның кәсіби ҧстанымын да анықтайды. Педагогтың кәсіби позициясының таңдалуына кӛп факторлар әсер етеді. Ең маңыздылары – кәсіби белгілеулер (установки), тұлғаның жеке типологиялық ерекшеліктері, темперамент және мінез-құлық.
Л.Б.Ительсон педагогтың позициясының типті рольдік сипаттамасын белгілеген. Педагог мына позицияларда кӛрінуі мүмкін: