Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде


-сурет. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы



бет24/123
Дата03.06.2023
өлшемі0,75 Mb.
#98502
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   123
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber

3-сурет. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы


Педагогтың конструктивті іс-әрекеті педагогикалық іс- әрекеттің жобаларын, жоспарларын құрастыру тұрінде жүзеге асады. Конструктивті сі-әрекет конструктивті-мазмұндық, конструктивті-

оперативті, конструктивті-материалдық іс-әрекеттерден құралады:

  1. Конструктивті мазмұндық іс-әрекет оқу материалын таңдау, педагогикалық іс-әрекетті жоспарлау, сабақ, тәрбиелік шара жоспарын әзірлеу сияқты іс-әрекеттерден құралады.

  2. Конструктивті-оперативті іс-әрекет педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерін жоспарлау, қолданылатын әдіс-тәсілдері таңдап, оларды құрастыру түрінде жүзеге асады.

  3. Конструкивті-материалдық іс-әрекет педагогикалық іс- әрекетке қажетті материалдық техникалық базаны құрастыру, ұйымдастыру түрінде іске асады. Яғни мұғалім сабағына қажетті техникалық, көрнекі құралдарды әр түрлі жабдықтарды анықтайды. Констриуктивті іс-әрекет мұғалім жұмысының жүйелі әрі нәтижелі болуының кепілі деп айтуға болады. Мұғалім өзінің және оқушылардың іс-әрекетін дұрыс жоспарлай алса, ол нәтижелі жұмыс жасауына ықпал етеді.

Педагогтың ұйымдастырушылық іс-әрекеті конструктивті іс- әрекеттің жалғасы деп айтуға болады. Мұғалім өзі құрастырып, өзі жоспарлаған іс-әрекеттерін нақты іс-жүзінде жүзеге асарады. Оқушыларды білім алу процесіне, тәрбиелеу процесіне ұйымдастырады. Олардың жүйелі білім алуын, олардың таным процестерін басқарады. Оқушылардың сабақтаны тыс әрекеттерін, әр түрлі тәрбиелік шараларды, балалар ұжымының іс-әрекетін, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты іс-әрекеттерін және т.б. шараларды ұйымдастырады. Бұл педагогикалық іс-әрекет құрылымындағы маңызды іс-әрекеттердің бірі болып табылады.
Педаготың коммуникативті іс-әрекеті педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатуға бағытталған іс-әрекеті. Мұғалім оқушылармен, мұғалімдер ұжымымен, ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орната алуы керек. Коммуникативті іскерлік мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіндегі маңызды құралы деп айтуға болады. Мұғалім өзінің сөзі арқылы оқушыға білім беріп, оның тәрбиесін ұйымдастырады. Сондықтан да жақсы мұғалім болуы үшін педагогикалық қарым-қатынас құпияларын, педагогикалық әрекеттің этикасын меңгеру маңызды болып табылады.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы. Шығармашылық: 1) қоғамның көпқырлы қажеттілігін қанағаттандыратын, жаңа сападағы мтаериалдық және рухани
құндылықтарды жасайтын адам әрекеті процесі; 2) туындаған міндетті шешуде бұған дейінгі белгілі болған шешу жолдарынан басқаша ойлаудың жоғары түрі.
Педагогикалық іс-әрекет сапалық мәнге ие мамандықтың бір түрі болып табылады. Мұғалім еңбегінің ұйымдастырылуы мен мазмұны оның өз іс-әрекетіне деген шығармашылық қатынас деңгейі арқылы анықталады. Педагогтың іс-әрекетіндегі шығармашылық деңгей алдына қойған мақсаттарды шешудегі мүмкіндіктерін пайдалану деңгейі арқылы анықталады. Сондықтан мұғалім мамандығының басты ерекшеліктерінің бірі шығармашылық сипат болып табылады. Мысалы, басқа да мамандық иелері (ғылым, техника, өнер т.б.) шығармашылық сипатқа ие болғанымен, олар жаңалық ашуға бағытталса, мұғалім мамандығы адамды дамытуға бағытталады.
Мұғалімінің шығармашылық мүмкінідігі жинақталған әлеуметтік тәжірибе, психологиялық-педагогикалық және пәндік білімдері, жаңа идеялар, дағды, іскерліктер арқылы анықталады.
Мұғалім шығармашылығы деп өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шеше алу процесін атауға болады.
Шығармашыл тұлғаның ерекше жеке іскерлік қасиеттерін ерекшелендіріп тұратын қасиеттерін креативтілік деп атаймыз.
Зерттеушілер Е. С. Громов және В. А. Мояко креативті іскерліктің ерекшелілік, эвристикалық, фантазия, белсенділік, анықтылық- нақтылық, сезімталдық және т.б. сияқты белгілерін көрсетеді.
Шығармашылық педагогқа бастамашылдық, дербестік, ойлау, сезіну, танымға деген құштарлық сияқты қасиеттерді меңгеруді қажет етеді.
Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет