Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде


-сурет. Іс-әрекет категориясының түсініктері



бет23/123
Дата03.06.2023
өлшемі0,75 Mb.
#98502
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   123
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber

1-сурет. Іс-әрекет категориясының түсініктері


Адам іс-әрекетінің құрылымы қажеттілік, мотив, мақсат, міндет, әрекет, операциялар жиынтығынан құралады. Ғылыми білім категориясы ретінде іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар, соның бірі педагогикалық іс-әрекет.


Педагогикалық іс-әрекет – адам іс-әректінің ерекше түрі, басқа іс-әрекет түрлерімен салыстырғанда ол мақсатқа бағыттылық сипатқа ие болады.
Педагогикалық іс-әрекет – аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рөлдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.
Педагогикалық іс-әрекет дамудың шарты мен негізі ретінде оқушылардың пәндік, әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеруіне бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіндіру үшін оның құрылымына талдау жасау қажет. Педагогикалық іс-әрекетті іс- әрекеттің мақсаты, мотивтері, әрекеттер (оперативтер), нәтиженің бірлігі ретінде көрсетуге болады. Төменде педагогикалық іс- әрекеттің құрамдас бөліктері көрсетілген:

2-сурет. Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктері


Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктерінің бір бөлігі – мақсат. Мақсат – педагогикалық іс-әрекеттің жүйе құрушы факторы рөлін атқарады (А. Н. Леонтьев). Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты - оның мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, нәтижесін анықтау. Олар мақсатқа тікелей тәуелді болады.


Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсаттарын жүзеге асырумен байланысты. Бүгінгі уақытта тәрбиенің негізгі мақсаты – үйлесімді дамыған жан-жақты тұлғаны қалыптастыру.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – ол тарихи құбылыс. Ол әлеуеметтік даму қарқынына байланысты өзгеріп отырады. Ол қоғамдық дамудың объективті тенденциясы ретінде пайда бола отыра, қоғамның қажеттіліктеріне қарай педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, формасы және әдістеріне сәйкестендіре отырып, ең жоғары мақсатқа жетудің кезеңдік бағдарламасы құрастырылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі функциональды бірлігі
–педагогикалық әрекет. Педагогикалық әрекетті мақсат пен мазмұнның біртұтастығы ретінде түсіндіруге болады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәні – мақсат, мотив, әрекет, нәтиженің біртұтастығында, ондағы мақсат жүйе құрушы сипатқа ие болады (А. Н. Леонтьев).
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет қоғам арнайы ұйымдастырған келесі мекемелерде жүзеге асады:

  • Мектепке дейінгі білім беру мекемелері;

  • Орта білім беру;

  • Орта арнаулы оқу орындары;

  • Жоғары білім беру;

  • Қосымша білім беру;

  • Біліктілікті арттыру және қайта даярлау.

Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділік деңгейлері (Н. В. Кузьмина бойынша):

  1. деңгей – продуктивті емес – педагог өз білгенін өзгелерге

айтып бере алады;

  1. деңгей – аз продуктивті – бейімделуші, педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады;

  2. деңгей - орташа продуктивті – педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие;

  3. деңгей – продуктивті – жалпы пән бойынша оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын жүйелі қалыптастыру іскерліктерін меңгерген;

  4. деңгей – жоғары продуктивті – педагог оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін құралдарын меңгерген.

Педагогикалық іс-әрекет әлеуметтік маңызды іс-әрекеттердің маңызды бір түрі. Бұл іс-әрекет түрі құрылымы жағынан күрделі жүйені құрайтын іс-әрекет болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы үш бөліктен құралады: конструктивті, ұйымдастырушылық, коммуникативті іс-әрекеттер.


Конструктивті іс-әрекет Ұйымдастырушылық іс-әрекет Коммуникативті іс-әрекет






    1. Консруктивті- мазмұндық;

    2. Консруктивті- оперативті;

    3. Конструктивті- матералдық

Оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке қосуға ұжымды қалыптастыруға бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған
шаралар жүйесі
Педагогтың тәрбиеленушімен, мұғалімдермен, ата-аналармен педагогикалық қарым-қатынас
орнатуға бағытталған іс-әрекеті





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет