Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде



бет50/123
Дата03.06.2023
өлшемі0,75 Mb.
#98502
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   123
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber

Қарым-қатынастың негізгі функциялары:

  1. Ақпараттық-коммуникативтік (ақпаратты қабылдау және беру (жеткізу);

  2. Қарым-қатынасты реттеу (бірігіп әрекет істеу барысында өзара әрекетті өңдеу);

  3. Афорективтік-коммуникативті (элюционалдық қатынасты беру (жеткізу).

Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас.

  • Ақпараттық функция – қарым-қатынас арқылы әр түрлі тұрмыстық, оқу- әдістемелік, ізденушілік, ғылыми-зерттеу және т.б. ақпарат беру.

  • Тәрбиелік функция - адамдарды қоғамдағы мәдени және адамгершілік құндылықтарға қатынастыру;

  • Адамдардың бір-бірін тану;

  • Әр түрлі әрекет барысында – оқу, өндіріс, ғылыми танымдық және т.б. – қызмет көрсету;

  • Адамдардың қажеттілігін септеу (достық қарым-қатынас, достармен, бірге оқыған оқушылармен кездестіру).

  • Бастамшылардың іс-тәжірибесімен таныстыру;

  • Қарым-қатынасқа жол ашу.

Педагогикалық қарым-қатынастың кезеңдері:

  • оқытушының модельдеуі – болашақ қызметін бейнелеу.

  • сыныппен (студенттермен) қарым-қатынасты ұйымдастыру.

  • педагогикалық процестегі қарым-қатынасты басқару.

  • қарым-қатынас жүйесін, модельдеу жүйесін талдау.

Қарым-қатынас құрылымында 3 аспектіні қарастыруға болады: коммуникативтік, интерактивтік және перцективтік.

  1. Коммуникативтік қатынас аспектісі ақпарат алмасу тәжірибесімен байланысты.

  2. Интерактивтік қатынас аспектісі тұлғаның қарым-қатынас процесінде өзара әрекеттесуіне байланысты.

  3. Перцективтік қатынас аспектісі басқа адамды қабылдауы және түсінуі.

Коммуникативтік қабілеттер:

  1. Әріптестердің өз бетінше білім алу қызметі тәжіребиесін жинақтау және пайдалану қабілеті.

  2. Кәсіби педагогикалық өздігінен білім алуда ынтымақтастыққа және өзара көмек көрсетуге қабілеті.

  3. Басқалардың (негізінен оқушылардың) өз бетінше білім алу қызметін ұйымдастыру қабілеті.

  4. Өз көзқарасында қалу және талқылау процесінде басқаларды сендіре білу қабілеті.

  5. Бірлескен қызметте жанжалдан бойын аулақ ұстай білуі.

Сенім – бұл:

  1. Тәрбиеленушінің санасына, сезіміне, еркіне парасат-сезімдік әсер ету арқылы оларда өзіндік көзқарас пен адамгершілік өлшемдер

қалыптастыру мақсатында, логика мен дәлелдерге негізделген тәрбие әдісі.
Иландырудан айырмашылығы, тәрбиеленушіге ұсынылған қандай да бір ақпараттар немесе ойлар, оларды тарату және бағалау арқылы саналы қабылдауға негізделеді. Бұл жерде қорытынды өз бетінше де, сонымен бірге сендірушіден соң да жасалынуы мүмкін, бірақ қандай жағдайда да ол дайын күйінде қабылданбайды. Көп уақытты, алуан түрлі мәліметтерді және шешендік өнер тәсілдерін пайдалануды қажет етеді, ал иландыру болса іс жүзінде лезде өтуі мүмкін. Бұл әдіс ғылыми пікірталаста, тәрбиеде де негізгі болып саналады.

  1. Өзінің құндылық бағдарына, көзқарасына сәйкес соны іс- әрекетке итермелейтін тұлғаның саналы қажеттілігі.

  2. Адамның өзіне сәйкес деректер мен айғақтарға сүйене отырып қабылдаған жеке пікірлері мен қорытындыларының дұрыстығына деген сенімге ие болу процесі мен нәтижесі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет