30
- баланы, адамды құрметтеу әр адамның бойынан тұлғаны көре
білу қасиеті;
- балаға, адамға сену, оқу процесіндегі жетістік кепілі, ізгіліктік
пен өзіне өзі сенім;
- оқу процесіне қатысушы ретінде баланың, адамның досына
айналу, оған қолдау көрсету және көмектесу;
-педагогикалық еңбек мәдениетіне бағытталу мұғалімнің
тұтастай дүниетанымын
қалыптастыруға бағытталу;
Педагог тұлғасының арнайы қасиеттері мен сапалары:
- әрекетшілдік сапа (жауапкершілік, ар намысшылдық,
еңбексүйгіштік, нақтылық).
- рефлексивті сапа (ұқыптылық, тиянақтылық, өзіндік
сыншылдық, білімпаздық).
- коммуникативтілік сапа ( шыншылдық, сенімділік, ұстамдылық,
талап қоя біліушілік, міндеттілік).
- элепатиялық сапа (өзіндік түсіністік, қайырымдылық,
түсінушілік, қайғыға ортақтаса білуге қабілеттілік).
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оның өзіне деген
сенімділігін, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады.
Қазіргі заманғы құзырлылығы қалыптасқан
мұғалімнің кәсіби
әрекетінің құрамына енетін бөліктерді меңгеру мектептің әр
мұғалімнің міндеті, олар:
-
ақпараттық
(біліктер: ақпараттық қабылдау, жинау, таңдау,
жүйелеу, талдау, түзу, жалпылау, бағалау, бейімдеу, шолу);
-
зерттеу
(біліктер: проблема туғызу, мақсатты, міндетті, пәнді,
обьектіні тұжырымдау, зерттеу әдістерін меңгеру жіне жоспарлау,
бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу нәтижелерін өңдеу,
қорытындыны тұжырымдау және т.б.);
-
интеллектуалдық
(біліктер: жүйелеу, жалпылау, талдау, жіктеу,
салыстыру, мәнін түсіну, жалпы мен жекені айыра білу, мақсат қою,
ой жүгірте алу.)
-
креативті
(біліктер: елестету,
жалғастыра алу, негізін бөліп
алу, алдын ала білу, жаңаша түрлендіру);
-
диагностикалық
(біліктер: диагностиканың тәртібі бойынша
жүргізу, оның нәтижелерін өңдеу және т.б);
-
болжау
(біліктер: мақсат қою, ақырғы нәтижені болжау,
болжамды, мақсатты, міндетті тұжырымдау, қор іздестіру, түзетулер
жасау және т.б.);
31
-
коммуникативті
(біліктер: байланыс орнату,
ақпараттарды
алмастыру, вербальды және вербальды емес қарым-қатынас, өзара
әрекеттестік жасау және т.б);
-
аксиологиялық
(біліктер: обьект пен бақылау формаларын
таңдау, параметрді таңдау, нәтижені қажетті мөлшерімен салыстыру,
өзін-өзі ұйымдастыру, реттеу және т.б.);
-
басқару
(біліктер: ұйымдастыра басқару, ынталандыру, мақсат
қою, болжау, бақылау, әрекет нәтижелерін түзету және қадағалау);
-
жобалау
(мақсат қою, жоспарлау, жобалау, түзеу, модельдеу,
құрастыру, технологияландыру);
-
инновациялық
(мәліметтер жинау, ой жүгіртулер арқылы
бағалау, қадағалау, эксперимент жүргізу, өңдеу, енгізу);
Мұғалімнің өзін
өзі кәсіби шығармашылық
дамыту
көрсеткіштері мен белгілері мынадай:
1. Мамандық құралдары арқылы өзін өзі дамытуды көздейтін
дербестік:
- тұлғаның өз біліктілік деңгейін, кәсіби білімділік дәрежесін,
кәсіби ынтасы мен өз іс әрекетіне қанағаттанушылық деңгейін
бағалай алу қабілеті;
- өз жұмысын орынды жоспарлау мен ұйымдастыру, өзін-өзі
реттеп отыру қабілеті, ұжымды жұмыс істеудегі ұйымдастырушылық
және коммуникативтілік қабілеттері;
- өз бетімен мамандығына сәйкес білім, білік және дағдыларды
меңгеру, кәсіби маңызды сапалар мен қабілеттерді тереңдету және
кеңейту, кәсіби жаңаруға деген тұрақты дайындық.
2.
Кәсіби бағдарланған ойлау, нақты білім беру саласындағы
мәселелерді шешуде қабылданған тәсілдерді қолдана білу, кәсіби
әрекет стратегиялары мен әдістерін өңдеу.
3. Кәсіби педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық
қарым-қатынас, еңбектегі инновацияға дамыған қабілет, жеке
шығармашылық еңбек есебінен тәжірибесін байыту.
Қазіргі уақыттағы мұғалімнің кәсіби, көп жағдайда әдістемелік
ой-өрістің жоғарлығы мен мұғалімнің кәсіптік білім беру іс-
әрекетінің деңгейінен байқалады.
Біліктілікті арттыру жүйесінің
осындай тұстарын жоюдағы
негізгі салмақ қазіргі таңда қосымша білім беруді жүзеге асыратын
білікті арттыру институтына түседі.
Мұғалімге ең қиын жұмыс, баланы қырық бес минут бойы
сабақта отырғызып, сабақ тыңдату. Қазіргі кезде балалар жан-
32
жақты, ақпаратты тез қабылдайды. Сол үшін мұғалімге актерлық
шеберлік керек. Актер болу ол шеберлікті талап етеді.
Мұғалім - шебер актер, әрі тәрбиелеуші.
Бір уақытта бірнеше
рөлге енеді.
Шебер мұғалім сабақты қалай өткізу керек екенін біледі,
бірақ актер болуды көздемейді. Сабақта, сабақтан тыс уақытта
да актерлік элементтерін пайдалана білу керек. Мысалы: сабақты
нашар оқитын оқушы, бірақ ол ешбір дайындықсыз күнделікті
сабаққа келеді. Мұғалім оны қалай қызықтыратынын білмейді. Бір
сабақта оқытушы Ерболды мұғалім рөліне өзі оқушы болып сынап
көрмекші болып шешті. «Сен бүгін мұғалімсің, ал мен оқушы рөлін
ойнаймын. Ал кіріс»,- деп оған орнын берді. Тақтада есеп шығару
барысында «оқушы» қате жібереді. Ербол қатесін түзеп, ескерту
айтады, сөйтіп алма-кезек рөл ауыстыру арқылы мұғалім оқушыны
сабақ барысына араластыра білді. Бұл белсенділік принципінің бір
элементі болып табылады.
Болашақ педагогтардың кәсіби міндетін дамыту қазіргі уақытта
психологиялық педагогикалық зерттеу мәселесіне айналуда.
К. С. Станиславский оқушының жан дүниесін түсініп, жұмыс
жасауды ұсынады. Сондай-ақ, мұғалімнің 4 түрін атап көрсетеді:
1-ші түріне
Достарыңызбен бөлісу: