Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет47/126
Дата30.09.2023
өлшемі1,89 Mb.
#111893
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   126
Конфликт
сөзі латын тілінен аударғанда “Conflkt’s” – 
қақтығысу мағынасын білдіреді. 
Шетелдік педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде конфликт 
деп құндылық үшін күрес және белгілі бір статус, ресурстар үшін 
таласу барысында қарсыласты бейтараптандыру, зиян келтіру деп 
көрсетіледі. (Л. Козер).
Психологиялық тұрғыда конфликт дегеніміз әр түрлі адамдар 
арасындағы қақтығыс, ортақ қажеттіліктердің, ойлар мен 
сезімдердің болмауы.
Педагогикалық конфликтінің ерекшеліктері:
- Проблемалық ситуацияларда мұғалімнің дұрыс шешім 
қабылдауға жауаптылығы;
- Конфликтіге қатысушылар әр түрлі әлеуметтік статусқа ие;
- Өмір тәжірибесі әр түрі;
- Конфликт тәрбиелік мәнге ие болуы тиіс;
- Мұғалім инициативаны өз қолына алуы керек;


134
- Кез келген қателік жаңа проблема тударуы мүмкін.
Конфликтінің түрлері:
- тұлға ішілік
- тұлға аралық
- топ аралық
- тұлғалық-топтық
Тұлға ішілік конфликт – бұл тұлғаның мотивтері, 
қызығушылықтары, арасындағы күресті бейнелейді.
Тұлға аралық конфликт – бұл тұлғалар арасында бір-біріне 
қарама-қарсы келетін мақсаттарды орындау барысында іс-әрекетте 
туындайтын конфликтілермен сипатталады.
Топ аралық
 
конфликт – бұл әлеуметтік топтар арасында 
мақсаттар мен оларға жету жолдарының қарама-қарсы келуінен 
туындайтын конфликтілер. 
Тұлғалық-топтық конфликт - тұлғаның мінез-құлқы мен 
тәлім-тәртібі топтың нормалары мен қалауына сәйкес келмегенде 
туындайды.
Конфликтінің туындау себептері
(М. М. Рыбакова бойынша) :
- іс-әрекет конфликтілері;
- қарым-қатынас конфликтілері;
- әрекет конфликтілері.
Іс-әрекет конфликтілері
мұғалім мен оқушы арасында 
туындайды және оқушы белгілі бір тапсырманы орындаудан бас 
тартқанда немесе дұрыс орындамаған жағдайда пайда болады.
Бұл конфликттер көбінесе оқуда қиындық көретін оқушылар 
мен мұғалім сыныпқа жаңадан келген жағдайда туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет