6
экономикаға өту, құқықтық мемлекет құру сияқты тенденцияларды
талдау барысында көрінеді. Болашақ
мамандарды өмір әрекетінің
жаңа жағдайында жаңаша даярлау талабын туғызады.
Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан
Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді
есепке алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі
дамыту және жетілдіру.
Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясынын кеңеюі, қазақ мектептері
санының көбеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас
педагогтарға өзіндік бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап
жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман
мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді күтуде.
Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты,
өте жауапкершіл педагог - мамандардың
кажеттігін мойындап
отыр. Себебі, адам тағдырында мектептік кезең аса маңызды рөл
атқарады. Балалардың өмір бастауында жетесіз педагог тұрса, одан
келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті
маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни, педагог шебер болу үшін:
өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті
бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді
меңгеруі тиіс,
жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті,
мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан
интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына
бағыттала алуы тиіс.
Қоғам дамуының жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық
шарттарына байланысты болған білім саласындағы түбірлі өзгерістер
қазіргі маманның кәсіптік шеберлігінің жоғарғы деңгейде болуын
талап етеді. Педагогтың жұмысына қажет маңызды
шарттардың бірі
- өз ісі үшін жауапкершілік қана емес, оның жұмыстағы бостандығы
еркіндігінің болуы. Педагог өзі істеген барлық жұмысына жауап
бере алатын, дербес білімді маман болуы керек.
«Педагогикалық шеберлік» курсы - «Педагогика және
психология» мамандығы бойынша жалпы кәсіптік пәндер цикліндегі
педагогикалық пәндердің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: