Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011


№ 16 Жаңа буын оқулықтарының ерекшелігіне талдау жасаңыз. № 17



Pdf көрінісі
бет115/126
Дата30.09.2023
өлшемі3,31 Mb.
#111935
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   126
Байланысты:
httprmebrk.kzbilimassociationjusipova-pedagogikalyk-sheber.pdf 2

№ 16
Жаңа буын оқулықтарының ерекшелігіне талдау жасаңыз.
№ 17
Мектеп аралық жарыс жүріп жатыр еді. Әділ қазылар алқасы 
сіздің сыныбыңыздың командасына орынсыз ескерту жасады. 
Команда мүшелері сізге әділдікке шақырыңыз дегендей карады. 
Сұрақ.
Сіз әділ қазылар алқасына ескерту айтасыз ба? Неге?
Егер ескерту айтар болсаңыз қандай дауыс ырғағын, сөз өнерін 
қолданған болар едіңіз?
№ 18
“Алақай! Мама, мен “бес” алдым! Мұғалім бүгін бізге не 
айтқанын білесің бе?” - деп бірінші кластың оқушысы өзінің 
алғашқы жетістіктері жайында қуанышы сыймай мамасына айтып 
жатыр. Бірақ, жылдар өте береді, біз “ Алақай, мама, мен бүгін “бес” 
алдым!” - деген қуанышты сөздерді барған сайын сирек естиміз”.
Кластан класқа көшкен сайын үлгерімінің кеми беретіні неліктен?
Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесінен мысал келтіріп, 
салыстырыңыз.
№ 19
Мұғалім: “Жанар, Маратқа бір дәптер бер, сенде көп екен”. 
Жанар: “Бермеймін. Мамам айтты, оларды табу өте қиын”. Мұғалім: 
?
№ 20
6 жасар Жәнібек білімге құмар, қимыл-қозғалысы белсенді, 
бақшада жүргенде сабақтың мазмұнын тез меңгере алатын. Адамға 
үйірсек, көпшіл, бірақ зейінсіз, шыдамсыз, жеңілтек еді. Ал бірінші 
класта мұғалімнің ескертуіне құлақ аспайтын, сабақтан жан-жағына 
алақтағыш, мұғалімнің түсіндіргендерін, құрбыларының жауабын 
тыңдамайтын, не болса соған жаны ашығыш, күйгелек болды. 
Сұрақ: Жәнібекте қандай мінез-құлық сапалары қалыптаспаған? 
Жақсы оқу үшін оған қандай көмек керек?


285
№ 21
4-кластың екі оқушысының мінезіне бақылау жасау мынаны 
көрсетті: бірінің ұстамдылығы қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерді 
атқарғанда көрінсе, екіншісінің ұстамдылығы еңбекте де, ойында 
да, спортта да және әртүрлі сабақтарда да көрінеді.
Қайсысында 
ұстамдылық 
темперамент 
қасиеттерімен 
басымырақ қозады? Қандай белгілермен орнатуға болады?
№ 22
Сара апай туралы жақсы пікірлер естіп жүрдім. 4-кластағы 
сабағын көруге келдім. Сабақ үстіндегі тәртіп, балалардың 
белсенділігі таң қалдырды.
Сабақтан соң, оқушылардан “Сара апайды жақсы көресіңдер 
ме?” -деп сұрадым.
“Жоқ, біз одан қорқамыз. Сәл қимылдасаң, ата-анаңды 
шақырады. Сондықтан оның сабағын жаттап аламыз”.
Сұрақ: Мұғалім мен балалардың қарым-қатынасын қалай 
бағалайсыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет