Өз пәнін бағдарламадан да жоғары, терең, жан-жақты біледі, әр түрлі білім саласындағы арнайы, әдістемелік және ғылыми-көпшілік әдебиеттерге еркін бағыт ұстай алады
2. Өз пәніне көзқарасы
Өз пәнін қызыға оқытады, ұнатады және біледі
3. Жұмыстағы жаңалықты сезінуі
Жаңа идеяларды іздеуімен ерекшеленеді, педагогикалық міндеттердің тосын шешімдерін іздестіруге ұмтылады
4. Оқу жұмысын жоспарлай білуі
Тақырып бойынша сабақ жүйесін, олардың құрылымын
шығармашылықпен жоспарлайды, оқытудың формасы мен әдістерін оқушылар мен сыныптың ерекшеліктерін ескере отырып түрлендіреді
5. Оқытудың психологиялық- педагогикалық негіздерін білу
Оқытудың қазіргі психологиялық- педагогикалық тұжырымдамаларын еркін бағдарлай біледі, оларды өз педагогикалық қызметтерінде негіз ретінде пайдаланады.
6. Педагогикалық әдеп
Балалармен қарым-қатынаста, оларға талап қоюда шектен шықпайды
7. Оқыту процесінде оқушыларға жеке тұрғыдан келу
Оқушылардың ерекшеліктерін ұдайы зерттейді және оқыту талаптарына жеке тұрғыдан келуді қамтамасыз етеді; тапсырманың көлемі мен
күрделілігін саралайды, сабақта үлгерімі нашар оқушыларға тұрақты түрде
көмек көрсетеді, үй тапсырмасының орындалуын тиянақты, тұрақты бақылайды, сонымен қатар оқу дайындығы деңгейі күшті,орташа оқушыларды назардан тыс қалдырмайды.
8. Оқушылардың оқу жұмысына дағдыларын дамыту бойынша жұмыс
Оқушылардың оқу жұмысын тиімді ұйымдастыра білу дағдыларын табанды түрде қалыптастырады (оқудағы
өзін-өзі бақылау,оқу жұмысын тиімді жоспарлау,оқу,жазу,санаудағы нақты қарқын) және оған жеке тұрғыдан келуді іске асырады.
9. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту бойынша жұмыс
Сабақ берудің формалары мен әдістеріне
белсенді дамытушылық ықпал етеді,оқушыларды оқыған материалдағы маңыздыны ажыратуға үйретеді, оқушыларға жеке тұрғыдан келуді қамтамасыз етеді.
10. Оқушылардың пәнге қызығушылығын дамыту
Оқушылардың пәнге қызығушылығын
арттыру үшін арнайы тәсілдерді қолданады; оқылатын ұғымдарды салыстырады, олардың практикалық маңызын және т.с.с. көрсетеді; оқытудың әр алуан әдістерін қолданады; сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырады; оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда жеке тұрғыдан келуді қамтамасыз етеді.
11. Оқушылардың білім сапасын, білігі мен дағдыларын бағалай білу
Бағалаудың шарттарын тиянақты оқиды,оларды практикада орынды қолданады; тек білімді ғана емес, сондай-ақ практикалық және эксперименттік білім мен дағдыларды да бағалаудың шынайлығын қамтамасыз етеді; бағаларды дәлелдейді; оқушылардың тоқсандық білім дайындығын шынайы бағалау үшін
жеткілікті түрде ағымдағы бағалар санын жинақтайды.