Музыкалық білімі бар анасы баласын алты жастан рояльды ойнауға үйретті. Бастапқыда баланың музыкаға деген қызығушылығы басым болды. Сегіз жасынан бастап музыка мектебіне қабылданды. Осындай мүмкіндігіне қарамастан оның музыкаға деген ынтасы бірте-бірте төмендеп кетті. Бірақ анасы оны көндіруге тырысты, оқуға мәжбүр етті, жазалады. Анасы дұрыс істеді ме?
№ 16
Жаңа буын оқулықтарының ерекшелігіне талдау жасаңыз.
№ 17
Мектеп аралық жарыс жүріп жатыр еді. Әділ қазылар алқасы сіздің сыныбыңыздың командасына орынсыз ескерту жасады. Команда мүшелері сізге әділдікке шақырыңыз дегендей карады. Сұрақ.
Сіз әділ қазылар алқасына ескерту айтасыз ба? Неге?
Егер ескерту айтар болсаңыз қандай дауыс ырғағын, сөз өнерін қолданған болар едіңіз?
№ 18
“Алақай! Мама, мен “бес” алдым! Мұғалім бүгін бізге не айтқанын білесің бе?” - деп бірінші кластың оқушысы өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы сыймай мамасына айтып жатыр. Бірақ, жылдар өте береді, біз “ Алақай, мама, мен бүгін “бес” алдым!” - деген қуанышты сөздерді барған сайын сирек естиміз”.
Кластан класқа көшкен сайын үлгерімінің кеми беретіні неліктен? Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесінен мысал келтіріп,
салыстырыңыз.
№ 19
Мұғалім: “Жанар, Маратқа бір дәптер бер, сенде көп екен”. Жанар: “Бермеймін. Мамам айтты, оларды табу өте қиын”. Мұғалім:
?
№ 20
жасар Жәнібек білімге құмар, қимыл-қозғалысы белсенді, бақшада жүргенде сабақтың мазмұнын тез меңгере алатын. Адамға үйірсек, көпшіл, бірақ зейінсіз, шыдамсыз, жеңілтек еді. Ал бірінші класта мұғалімнің ескертуіне құлақ аспайтын, сабақтан жан-жағына алақтағыш, мұғалімнің түсіндіргендерін, құрбыларының жауабын тыңдамайтын, не болса соған жаны ашығыш, күйгелек болды. Сұрақ: Жәнібекте қандай мінез-құлық сапалары қалыптаспаған? Жақсы оқу үшін оған қандай көмек керек?