Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде



бет103/124
Дата15.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#124012
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   124
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber окулык

Озық тәжірибе мектебі (школа передового опыта)

Оқу және тәрбие үлгілері тікелей көрсету арқылы озық тәлімдік тәжірибелерді өзгелерге беру мен таратуды көздейді. Озық тәжірибе мектептегі жетекші мұғалімдердің дені өз мамандығы бойынша әдіскерлік қызмет атқарып, тәлімдік кабинеттер және мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында тығыз жұмыс істейді.

Оқытудағы білім мен тәжірибенің байланысы (связь практики с тоерией в обучении)

Теорияның меңгерген білімнің іс жүзінде білім, дағды, шеберлік тұрғысынан көрініс табуы.
Оқытудағы білім мен тәжірибенің байланысы оқушылардың нақты іс- әрекетке бейімделуге икемдейді.



Оқыту

оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесулерінің процес.



Оқытудағы үлгілеу (моделирование в обучении)

(Оқытудағы үлгілеу екі тұрғыда қолданылады).
1) оқушылар меңгеруі қажет мазмұн ретіндегі үлгілеу. 2) онсыз толық, мәнді оқыту болмайтын оқу әрекеті, құрал ретіндегі үлгілеу. Үлгілеу көмегімен зерттелген күрделіні қарапайымға, көзге көрінбейтінді және сезілмейтінді көрінетінге, сезілетінге, бейтанысты танысқа келтіруге болады, яғни кез келген күрделі обьектіні терең және жан-жақты зерттеуге қол жетерліктей.

өзін-өзі белсендіру (самоактуализация)

Термин екі мағынады қолданылады: 1) өз бетімен болатын білім, түсінік, дағдыны қазіргі талаптарға сәйкестендіруге бағытталған оқу әрекеті. 2) жеке бастың бар мүмкіндіктері мен қабілеттерін оның пәндік әрекетінің нақты нәтижелеріне енгізу үрдісі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет