Тәлімдік құрылым элементтері бар сабақтың әдістемелік құрылымының қысқаша мазмұны. Сабақ жопарында сабақтың мақсаты, міндеті, типі, қағидалары мен әдістемелері көрініс табажы.
Нақты пәндік-практикалық әрекет пен танымды, белсенділікті тасымалдаушы.
Сабақтыңжабдықталуы(оборудованиеурока)
Оқу құралдарын іріктеу мен даярлау, дидактикалық материалды, оқытудың техникалық құралдарын, реактивтерді және т.с.с., сабақ тақырыбына сай және демонстрациялау мен оқушылардың өзіндік жұмысы үшін қажет жабдықтар.
Сұрау(опрос)
Сұрақ-жауап формасында жүргізілетін білімді тексерудің құрамдас бөлігі. Мақсатты
бақылау, өткен материалды бекіту, жаңа білімді қабылдауға даярлық, оқу үрдісін тұтасымен белсендендіру. Сұрау кезінде мұғалім оқушылар білімінің бағасын бірқалыпты жинақтау міндетін басшылыққа алады. Сонымен қатар ынталылар мен жеткілікті даярланбағандарды жұмысқа қосуға, ынтасын оятуға түрткі, жетекші болады.
Сабақ кестесі(расписаниеуроков)
Сыныптағы оқу аптасының әр күніндегі оқу сабақтарының бірізділігін қамтамасыз етуді мақсат еткен нақтыланған оқу жоспары. Дұрыс құрылған сабақ кестесі оқушылардың оқу жүктемесінің бірқалыпты бөлінуіне, олардың ақыл- ой еңбегімен шұғылдануына қолайлы жағдай жасайтын педагогикалық құжат