Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет51/189
Дата31.12.2021
өлшемі1,89 Mb.
#22329
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   189
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber

Педагогикалық  қарым-қатынас  –  коммуникацияны  орнату, 
дамыту,  ұйымдастыруға  бағытталған,  ортақ  іс-әрекеттің  мақсаты 
мен  мазмұнына  байланысты  туындайтын  педагог  пен  оқушы 
арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі.
Педагогикалық қарым-қатынас - бұл педагог пен оқушылардың 
өзара әрекеттесуінің әлеуметтік нормативті формасы.


118
Педагогикалық  тәжірибені  талдай  отыра,  тәрбие  және  оқыту 
міндеттерін  шешуде  туындайтын  қиындықтар  қарым-қатынасты 
дұрыс орната алмаудан туындайтынын көрсетеді.
Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы (Г. М. Андреева 
бойынша)
- Коммуникативті
- Интерактивті
- Перцептивті  
Педагогикалық қарым-қатынастың атқаратын қызметі:
- әлеуметтік
- психологиялық
- инструменталдық
Педагогикалық қарым-қатынаста  кездесетін қиындықтар:
- Байланыс орната алмау:
- Сабақта оқушылардың қарым-қатынасын басқара алмау;
- Педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым-қатынасты құрастыра 
және өзгерте алмау;
- Оқушының ішкі психологиялық позициясын түсінбеу;
- Өзінің психикалық жағдайын басқара алмау т.б.
Кәсіби  педагогикалық  қарым-қатынас  -  бұл  педагогтар  мен 
тәрбиеленушілердің  әлеуметтік  психологиялық  өзара  әрекеттесу 
жүйесі,  оның  мазмұны  ақпарат  алмасу,  тәрбиелеуші  әсер  жасау, 
коммуникативті  құралдар  көмегімен  өзара  қарым-қатынасты 
орнатуға бағытталады.
Педагогикалық  іс-әрекеттегі  қарым-қатынас  –  бұл  оқу 
міндеттерін шешу құралы, оқу процесін әлеуметтік-психологиялық 
қамтамасыз  ету;  оқыту  мен  тәрбиенің  тиімділігіне  әсер  ететін 
педагог пен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Педагогикалық қарым-қатынасты құрайтын іскерліктер:
- Ақпаратты беру іскерлігі;
- Оқушы жағдайын түсіну;
- Балалармен өзара қарым-қатынас орнату;
- Қарым-қатынастағы серіктесіне әсер ете алу іскерлігі;
- Өзінің психологиялық жағдайын басқара алу және т.б.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас коммуникативті міндеттер 
түрінде  жүзеге  асады.  Коммуникативті  міндеттер  дегеніміз  бұл 
коммуникация тіліне аударылған педагогикалық міндеттер. 


119
А.А. Леонтьев коммуникативті міндетті проблемалық ситуация-
ларды  бағыттау  нәтижесі  деп  анықтап,  оның  мақсаты  серіктеске 
әсер ету дейді. 
Коммуникативті міндеттерді атқару төмендегі мақсаттарды 
көздейді:
оқушыларға ақпарат беру;
оқушыларға әсер ету; әрекетке ынталандыру.
Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері:
1) қарым-қатынас жағдайына бағытталу;
2) зейінді аудару;
3) объектінің “жанын жаулау”;
4) вервальды қарым-қатынас орнату;
5) эмоциональды және мазмұнды кері байланысты ұйымдастыру.
Қарым-қатынаста «лидер», «жетекші» деген ұғымдарға ерекше 
мән  беріледі.  Зерттеушілер  осы  аталған  ұғымдардың  бір-бірінен 
бір-бірінен  айырмашылқтары  мен  ұқсастықтарын  ажыратады. 
Мәселен,  Л.  Д.  Столяренко  зерттеулерінде  «лидер»,  «жетекші» 
ұғымдарының  айырмашылықтары  жақсы  көрсетілген.  Лидерлер 
мен  жетекшілердің  стилінің  үш  түрі  болады.  Ол  авторитарлық 
(өктем, директивалық басшылық деген мағынада), демократиялық, 
либеральдық  болып  бөлінеді.  Басшылықтың  осындай  түрлері, 
оқытушылар ұжымы арасында жиі кездеседі
Педагогикалық  қарым-қатынас  стилі  дегеніміз  –  педагог 
пен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынастың  жеке  типологиялық 
ерекшіліктері, қарым-қатынастың сыртқы көрінісі.
Педагогикалық 
қарым-қатынас 
стильдері 
мұғалімнің 
коммуникативті  мүмкіндіктерінің  ерекшеліктерін,  педагог  пен 
оқушы  арасындағы  қалыптасқан  қарым-қатынастың  сипатын, 
педагогтың шығармашылық ерекшелігін, оқушылардың ерекшелігін 
көрсетеді.
Педагогикалық  қарым-қатынас  стильдері  таза  күйінде  кездесе 
бермейді.  Педагогикалық  практикада  қарым-қатынас  стиліндері 
аралас түрде кездеседі, көбінесе бір стиль басымдылықта болады. 
Стильдерді мұғалім жағдайға байланысты таңдап алады.
Педагогикалық қарым-қатынас стильдерінің басқа да түрлері де 
кездеседі (В. А. Кан-Калик бойынша):
-  Бірлескен  шығармашылық  іс-әрекетке  негізделген  қарым-
қатынас стилі.


120
- Достық қарым-қатынасқа негізделген қарым-қатынас стилі.
- Дистанция стилі.
- Қорқыту стилі.
В. А. Кан-Каликтің белгілеуінше, кәсіби-педагогикалық қарым-
қатынастың құрылымы мынадай:
- Педагогтың оқушылармен қарым-қатынасын жобалауы.
- Бастапқы әрекеттесуде тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру.
- Педагогикалық үрдіс барысында қарым-қатынасты басқару.
-  Жүзеге  асырылған  қарым-қатынас  жүйесін  талдау  және  оны 
болашақ іс-әрекетке сәйкес жобалау.
Бұдан  басқа,  мұғалімнің  мынадай  қарым-қатынас  стильдері 
белгілі:  авторитарлық  стиль,  демократиялық  стиль,  либералды 
стиль.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет