Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет48/189
Дата31.12.2021
өлшемі1,89 Mb.
#22329
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   189
Негізгі  ұғымдар:  қарым-қатынас,  педагогикалық  қарым-
қатынас, қарым-қатынас стилі.
Өмір,  тіршілік  адамдардың  бір-бірімен  араласуынан,  қарым-
қатынастан  тұрады.  Адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  дегенді 
қалай  түсінеміз?  Қарым-қатынас  ұғымы  -  адамның  ішкі  жан 
дүниесінің сыртқы көрінісі, олардың күнделікті өмір тіршілігіндегі 
бейнесін жасаудағы іс-әрекеті.
Өмірдегі  әр  түрлі  тіршілік  жағдайына,  өмірлік,  қоғамдық 
қажеттілікке  қарай  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  бөліп 
қарауға  болады.  Жеке  тұлғаның  қалыптасуындағы  мұғалім  мен 
оқушы арасындағы қарым-қатынастың орны ерекше. Қандай адам 
болсын,  мейлі  оқымысты,  мейлі  қарапайым  жұмысшы  болсын, 
мектеп  өмірі  туралы  аса  бір  жылылықпен  еске  түсіндіруі  жиі 
кездеседі.  Бұл  қарым-қатынас  оқушының  жеке  қасиеттерінің 
қалыптасуына зор ықпал етеді.
Мұғалім мен оқушы - әр түрлі екі субъект. Мәселенің негізгісі 
осы әр түрлі рухани дүниені біріктіру. Педагог міндетті түрде ықпал 
ету нысанын көріп қана қоймай, жасалған ықпалдың нәтижесінде 
көру керек. Мұғалім көп жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырылған 
іс-әрекеттің  тәрбиеленушіге  сәтті  ықпал  ететіні  сөзсіз  сенеді. 
Алайда  баланың  бағынуы,  келісімі,  эмоциясы,  іс-әрекеті  міндетті 
түрде  ескерілуі  керек.  Мұғалім  үшін  кері  байланысты  түсініп, 
қабылдауы  өте  маңызды.  Мұғалімдер  қалыптасқан  әдет  бойынша 
өзімен  әңгімелескен  оқушыға  өз  сырларын  айта  бермейді.  Өзінің 
оқушылары,  жұмысы  туралы  бәріне  әңгімелеп  өз  сырларын  айта 
бермейді.  Өзінің  оқушылары,  жұмысы  туралы  бәріне  әңгімелеп 
бергісі  келіп  тұрса  да,  ол  басқа  әңгімелесушінің  жан  дүниесіне 


104
саңырау болады. Оқушылармен қарым-қатынаста да осы «мамандақ 
қасиеті»  айқын  көрінеді,  көп  жағдайда  мұғалімнің  оқушымен 
әңгімесі өзінің монологын, ал мазмұны ескертумен толы болады.
Қарым-қатынас  басқа  біреудің  жан  дүниесіне  «мен»  ұғымын 
ендіру.  Бұл  оңай  емес,  өйткені  өзіңе  ұқсамайтын  басқаның  жан 
дүниесіне  ену  үшін  психологиялық  дайындық  қажет.  Сондықтан 
қарым-қатынасты  ұйымдастырғанда  субъектінің  психологиялық 
жағдайын ескеру өте маңызды. Кез-келген адам баласымен қарым-
қатынаста  оның  психологиялық  ерекшелігін  ескеріп,  оған  уақыт 
беру қажет.
Мұғалім  мен  мұғалімнің,  мұғалім  мен  басшының  қарым-
қатынасы қарама-қарсы нақтылық пен сөз мәдениетін талап етеді. 
Сөз  жүйесі,  сөйлемдер  айтылуы  тез  әрі  түсінікті  болуы  шарт. 
Оқыған адамдар тез түсініп, дәл қабылдай алатын болу керек. Ең 
бастысы  -  іскерлік  қарым-қатынаста  екі  жақты  пікірдің  келісім 
табуы.  Білімділіктің,  кәсіби  шеберліктің  жемісі  ең  басты  нәтиже 
болмақ.
Ол үшін: 
1) сөз өте жинақы, тұжырымды болып құрылуы; 
2) уақытты шебер пайдалану;
3) істің жоспары, шарты, заңдылығы болуы
4) мұғалім білім, білік, кәсіби шеберліктің шебері болуы
5) құқықтық білімнің болуы; 
6) сөз мәдениетін меңгеруі
7) азаматтық, адамгершілік тәртіптерді қатаң сақтау
8) әдеп нормаларына сай жүріс-тұрыс, киім кие білу мәдениетіне 
мән беру.
Сыныппен  алғаш  кездескен  жас  педагогтар,  жаңадан  үйретіп 
жүрген  тәрбиешілер,  практикадағы  студенттер  сыныппен  қарым-
қатынас  жасаудың  қиын  екенін  айтады.  Педагогикалық  практика 
кезінде  мынадай  сұрақтарды  жиі  естуге  болады?  «Балалармен 
қалай  сөйлесу  керек?»,  «Әзіл  айтуға  бола  ма?»,  «Балалар  неге 
тыңдамайды?»,  «Бұйығылық  пен  ұялшақтықты  қалай  жеңуге 
болады?»  т.б.  Осы  сұрақтардың  барлығы  -  педагогикалық  қарым-
қатынасты  меңгере  білмеудің  нәтижесі.  А.  С.  Макаренко  былай 
деп  жазған  болатын:  «Мен  үшін  менің  практикамда,  сондай-ақ 
сіздер үшін, көптеген тәжірибелі мұғалімдер үшін мұндай «түкке 
тұрмайтындар» қалай тұру, стол қасындағы орындыққа қалай дұрыс 


105
отырып, қалай дұрыс көтеру, күлу, қарау өте мәнді бола бастады. 
Бізді бұған ешкім үйретпеді, ал мұны үйренуге болады және үйрену 
қажет те, ең үлкен шеберліктің мәні осы және осы болуы тиіс».
Балалармен  педагогикалық  өзара  әрекетте  ұсақ-түйек  жоқ 
барлығы  да,  көзқарас,  көз  жанарының  қозғалысы,  дене  қимылы 
және  т.б.  жұмыс  істейді.  Өйткені  біз  жай  қарым-қатынас  емес, 
кәсіптік іскерлік пен қарым-қатынас жасаймыз.
Өз тобыңда мынадай жаттығу өткізіп көр: екеуара жұптасып, әр 
нәрсе туралы әңгіме-дүкен құр (фильм, кітап, заттар т.б.). Ал енді 
сонда отырғанның біреуі аудиторияға шығып, барлығының алдында 
жаңағы  айтқан  сөздерін  қайталап  көрсін.  Сонда  қарым-қатынас 
жүйесінде қандай өзгеріс болғанын сіз бірден сезінесіз.
Көпшілік  алдында  сөйлеушіде  байқалатын  ең  негізгі  сезім 
түсініктері мынадай:
1. Әңгімені қалай бастауды білушілік.
2. Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын-ау деген 
қобалжу.
3. Қарым-қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер.
4.  Бұрын  пайдаланылған  қарым-қатынас  амалдарын  өзгерту 
қажеттігі жайлы түсінік.
5. Қарым-қатынас жүйесіндегі бір нәрсені өзгерту қажет деген 
түсінік,бірақ не екені-онша айқын еместік.
6. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық.
7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, 
жалпы мінез-құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі.
8.  Қарым-қатынастың  өзгерген  формадағы,  мәнерлі  атқару 
компоненттерін қажет етуі.
9.  Өзіңізді  дұрыс  түсіну  үшін  жоспарланған  информацияны 
неғұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық.
10. Таңдаушыны қызықтыруға тырысу.
11. Информацияны сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы 
жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.
Байқаған боларсыздар, көпшілік алдында сөйлеу үшін қарапайым 
қарым-қатынасты  барынша  жаттықтыра  түсу  қажет.  Тек  осындай 
кәсіптік-педагогикалық  қарым-қатынаста,  оған  қоса  балаларды 
шынайы жақсы көргенде ғана педагогикалық процестің бүкіл мәні 
айқындала түседі. В. А. Сухомлинский айтқандай, тәрбиеші өнері 
ең  алдымен  сөйлеу  өнерімен,  адам  жүрегін  баулап  алу  өнерімен 
көрінеді.


106
«Балалараға іскерлікпен табанды түрде айтылған жақсы сөздің - 
деп жазды А. С. Макаренко, - орасан зор маңызды болатынына мен 
кәміл  сенемін,  біздің  ұйымдық  формаларымызда  әлі  де  көптеген 
қателіктердің болуы, сірә, біз көп жағдайда балалармен дұрыстап 
сөйлесе  білмейтіндігімізден.  Сіздің  сөзіңізден,  сіздің  жеке 
басыңыздың лебі есіп тұратындай етіп сөйлей білу қажет. Осыған 
үйрену қажет».
А.  С.  Макаренконың,  В.  А.  Сухомлинскийдің  және  басқа  да 
көрнекті совет педагогтарының қызметін үйрену, озат педагогикалық 
тәжірибелер  мынаны  көрсетеді:  балалармен    өте  оңтайлы 
қарым-қатынас  жасай  білу  көп  жағдайда  оқу-тәрбие  процесінің 
тиімділігін қамтамасыз етеді. А. С. Макаренконың педагогикалық 
тәрбие  ықпалындағы  тамаша  үлгілері;  В.  А.  Сухомлинскийдің 
педагогикалық 
жұмысындағы 
адамдармен 
қарым-қатынас 
жасаудағы әдептілік пен нәзіктік.
Қарым-қатынас  ұғымы  пәнаралық  ғылыми  категория.  Қарым-
қатынас ұғымын философия, әлеуметтану, психология, педагогика 
және т.б. ғылымдар қарастырады.
«Қарым-қатынас» ұғымын педагогика мен психологияға  алғаш 
рет А.Ф. Лазурский енгізген. Ол тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, 
рухани байлыққа, материалдық дүниеге қатынасын білдіретін ұғым.
Психологияда ең алғаш рет А. Ф. Лазурский тұлғаның қарым-
қатынасын  проблемасын  адамның  мінезімен  байланыстырды. 
Ол  қарым-қатынастың  15  тобын  талқылап  жіктеуі,  яғни,  қоғамға, 
табиғатқа, адамға, өзіне-өзі, т.б.
Ал  В.  Н.  Мясищев,  А.  Ф.  Лазурский  көзқарасын  дамыта 
отырып,  тұлға  қарым-қатынасының  психологиялық  анықтамасын 
жасады.  Адамның  психологиялық  құрылымы  санасымен,  өмірге 
қатынасымен анықталады. Саналы тұлға қарым-қатынастың күрделі 
динамикалық жүйесін білдіреді.
В. Н. Мясищев қарым-қатынас түсінігінің маңызын аша отырып, 
психологиялық  тұлғаның  белсенді,  таңдамалы  бағытының,  іс-
әрекетінің сипатын, мінез-құлығында көрінетін ерекшелігіне талдау 
жасайды.
Сондықтан,  қарым-қатынас  адамда  шындықтың  объектісін 
танып  білудің  нәтижелерін,  қатынасын  психикалық  ерекшелік 
ретінде түсіндіреді. 


107
Қарым-қатынас  сипаты  қоршаған  шындыққа  тәуелді  келеді, 
оның  ортамен,  дүниемен  байланысын  білдіреді,  ішкі  дүниесінен 
көрініс  береді.  Қарым-қатынас  жүйесі  адамның  жеке  дамуының 
жемісі болып табылады.
Осы  тұжырымға  сүйене  отырып,  қарым-қатынас  мәдениетінің 
қалыптасу ерекшелігі анықталады. Ол тұлға аралық қарым-қатынас 
байланыста дамиды.
Тұлға  аралық  өзара  қарым-қатынас  мәдениет  проблемасымен 
ұштасып, жеке тұлғаны дамытудың бағыты негіздей алады. 
Дүниенің  адаммен  арақатынасын  білдіретін  құбылыстар 
жиынтығы. Адам қоршаған ортаға еніп, ерекше мәнге ие болады, 
сонымен  бірге,  жеке  тұлғаның  дамуының  маңызды  бөлігі  оның 
мәдениеті қалыптасады.
Мәдениеттің  қалыптасуы  қарым-қатынас  тыс  болмайды,  сол 
себепті  қарым-қатынастың  механизмдері  де  бұл  жағдайда  белгілі 
орын алады.
Педагогика  ғылымында  адам  қоғамының  басты  құндылығы  
және  қоғамдық  дамудың  өзіндік  мақсаты  мәдени-рухани 
құндылықтармен ашылады. Сонымен қатар, жеке адам танымның, 
қарым-қатынастың, шығармашылықтың белсенді субъектісі ретінде 
беріледі. 
Мәдениет  компоненті  ретінде  білім  өз  кезегінде  мәдениеттің 
тасымалдаушысы,  оның  өмір  сүрунің,  сақталуының,  кеңеюінің 
басты шарты.
Қарым-қатынас барысында жеке адамның әлеуметтану процесі 
жүреді, соның нәтижесінде оның қоғамдық рухани және материалдық 
құндылықтарға  жақындауы  мен  дәстүрлермен  танысу  жағдайы 
қалыптасады. Адам тек қарым-қатынас процесінде ғана жеке тұлға 
болып қалыптасады, өзі үздіксіз қатынас жасайтын қоғамға кіреді. 
Коммуникация  процесінде    әрбір  адам  өзара  әрекеттің  белсенді 
субъектісі бола отырып, олармен қатынасты дамытады, тереңдетеді. 
Ал коммуникативтік іс-әрекетте жеке адамның өзін- өзі  тануы мен 
нақтылауы, ішкі мәдени дамуы жүреді. 
Қарым-қатынас  –  адамдар  арасындағы  дыбыстық-белгілік 
(сөздік)  өзара  іс-әрекет;  оның  барысында  және  соның  көмегімен 
ақпараттар  алмасу,  қатынастар  орнату  мен  қалыптастыру,  кімнің 
болса да іс-әрекетін басқару жүзеге асады.
Қарым-қатынастың  жетекші  түрлері  –  тұлғаның  дамуының 
сол  кезеңіне  сәйкес,  адамның  негізгі  тұлғалық  қасиеттерінің 


108
қалыптасуына  әкелетін,  қандай  да  бір  жас  кезеңіндегі  қарым-
қатынастың басым түрі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет