Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет63/189
Дата31.12.2021
өлшемі1,89 Mb.
#22329
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   189
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber

Әрекет  конфликтілері  мұғалімнің  конфликтіні  шешуде 
туындаған кез келген қателіктері жаңа мәселелер мен конфликттер 
туындатады. Педагогикалық іс-әрекеттегі конфликтілерді шешуден 
қарағанда оның алдын-алу жеңіл.
Мұғалім  конфликт  барысында  өзінің  позициясын  анықтап 
алғаны  дұрыс,  себебі  сынып  оның  жағында  болған  жағдайда 
конфликтіден шығу жеңіл өтеді.


135
- Педагогикалық конфликт құрылымы:
- Объектісі;
- Субъектілері;
- Пәні;
- Инцидент 
- Конфликтілік қарым-қатынастар
- Мотивтері;
- Нәтижесі
Әлеуметтік-психологиялық  келіспеушілікті  көптеген  мамандар 
адамдардың  тікелей  қарым-қатынасы  саласында  пайда  болатын 
қарама-қайшылықтың күрт шиеленісіп кетуі ретінде қарастырады. 
Педагогикалық  ұжымда  пайда  болатын  келіспеушіліктер  өз 
табиғатында  тұлға  аралық  келіспеушілік  болып  табылады.  Ондай 
жағдайда  адамдар  іс-әрекеттің  мақсатына  келіспейді  немесе  оған 
қол жеткізудің әдістері  мен құралдары туралы әр-түрлі пікірлерде 
болады. 
Келіспеушіліктер  әртүрлі  себептердің  салдары  болуы  мүмкін. 
Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық келіспеушіліктер бірлескен 
педагогикалық  әрекет  процессінде  орныққан  өзара  байланыстың 
бұзылуына  байланысты  туындайды.  Ол  педагогикалық  қызметке 
байланысты мұғалімдер, басшылар арасындағы іскерлік сипаттағы 
байланыс болуы мүмкін. 
Педагогикалық  ұжымда  орын  алатын  келіспеушіліктің  негізгі 
үш тобын бөліп көрсетуге болады. 
1.  Кәсіптік-педагогикалық  әрекетті  мақсатқа  жетуге  кедергі 
келтіретін,  іскерлік  байланыстардың  бұзылуынан  туындайтын 
кәсіптік  келіспеушіліктер.  Бұндай  келіспеушіліктер  жұмыстағы 
ынтасыздықтан, мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және 
өз ісін жете білмеуінен туындайды. 
2.  Педагог  мінез-құлқының  өзара  қатынас  нормасына  сай 
келмеуіне,  сол  сияқты    мінез-құлықпен  іс-әрекеттің  ұжым 
мүшелерінің    бір-бірінен  күткен  талаптарына  сай  келмеуінен 
туындайтын.  Ол  педагогтың  өз  әріптестеріне  және  оқушыларға 
көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік этика нормаларының бұзылуы, ұжым 
талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді. 
3.  Педагогикалық  процестерге  қатысушылардың  мінез  бен 
темпераменттік  ерекшеліктер  негізінде  тұлғалық  сәйкессіздіктен 
туындайтын  келіспеушіліктер.  Бұл  топты  негізінен  ұстамдылық, 


136
өзіне  деген  бағасы  мен  пікірінің  аса  жоғары  болуы,  эмиоциялық 
тұрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды. 
Келіспеушілікті  реттеу  мынадай  қисынды  әрекеттердің 
бірізділігінен  тұрады:  келіспеушіліктің  алдын  алу;  пайда  болған 
жағдайда  келіспеушілікті  үйлестіру,  жою;  келіспеушілік  ахуалды 
шешудің ең оңтайлы шешімін қабылдау; келіспеушіліктің түйінін 
шешу.  Келіспеушіліктің  алдын  алу  кезінде  сол  адамның  неге 
осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы 
қалыптасқан  келіспеушілік  ахуалға  немқұрайлы  қарамауы  тиіс, 
сондықтан  ол  келіспеуші  жақтарды  ашық  әңгімеге  тартып 
қалыптасқан жағдайда бірге талдап, талқылауы тиіс. Келіспеушілікті 
басқару  кезеңінде  басшы  жеке  әңгімелесіп,  келіспеуші  жақтарды 
алдағы  кездесуге,  араласуға  психологиялық  тұрғыдан  дайындау 
тиіс. 
Егер  келіспеушілікті  бастапқы  кезеңінде  келістіру  мүмкін 
болмаса,  онда  оны  шешудің  тактикасы  мен  стратегиясы  жасалуы 
керек.  Оны  мектеп  директоры  немесе  оның  орынбасарлары  іске 
асырады, қажет болған жағдайда ұжымдық шешім қабылданады. Ол 
бойынша келіспеуші ұжым мүшелеріне біршама уақыт бір-бірімен 
араласпау  немесе  ол  араласуды  шектеу  туралы  шарт  қойылуы 
мүмкін.  Кәсіптік  келіспеушіліктер  еңбек  жағдайын,  оқу-тәрбие 
процесін өзгерту, мектеп жұмысының тәртібіне түзету енгізу арқылы 
реттеледі. Ал тұлғалық сәйкессіздіктен туындаған келіспеушілікті 
жою  күрделі  сипат  алады.  Бұндай  жағдайда  басшы  келіспеуші 
жақтарға өзге де пікірлердің өмір сүруін мойындататындай шешім 
қабылдайды. 
Қарым-катынас кезінде жеке тұлғаның өмірлік құндылықтары, 
әлемге  деген  көзқарасы  және  тұлғалық  этикалық  принциптері 
дамиды.
Тұлға  үшін  коммуникативті  міндеттерді  шешуге  бағытталған 
тұрақты  және  нақты  тіл  табысуды  ұйымдастыру  әдістері  мен 
тәсілдерінің  жиыны  тіл  табысу  стилі  деп  аталады.  Адамдарды, 
ұжымды басқару, қадағалау, бағыттап отыру әрекеті демократиялық, 
авторитарлы,  және  либералды  стильге  бөлінсе,  кәсіптік 
педагогикалық тіл табысуды да көптеген авторлар осы үш стильге 
бөледі.  Бұл  басқару  іс-әрекетінде  жаттықтырушының  маңызды 
құрамдас бөлігі болып табылатындығы негізделген: жаттықтырушы 
спорттық  ұжымды  басқаруды  жүзеге  асырады.  Сондықтан  мына 


137
түсініктерді  қолдану  дұрыс  болып  саналады:  педагогикалық  тіл 
табысу  стилі,  жаттықтырушының  спорттық  ұжымды  синонимдік 
басқару стилі, жетекшілік стилі, ұжымдарды басқару мәселелерін 
зерттеумен айналысып жүрген мамандар жетекшілік стилін былай 
сипаттайды:
Педагогикалық  қарым-қатынас  –  күрделі  процесс.  Оған 
көптеген адамдардың қатынасы, балаға ықпалы жатады. Ұстаздық 
қызмет,  ұстаздық  қызметті  ұйымдастырудың,  балаларды  ұжымда 
тәрбиелеу, баланың өзара қатынасын ұйымдастырудың тәрбиесінде 
қолданылатын әдіс, тәсілдер, құралдары болып табылады. Мұның 
бәрі педагогикалық қатынас арқылы іске асады, ұстаз баланы соған 
тәрбиелейді.
Ұстазға  педагогикалық  қарым-қатынасты  орнату  барысында 
балаға  сүйіспеншілігі,  қызметіне  ынтасы,  бейімділігі,  қабілеті, 
ұстаздық нышаны, дарындылығы болу керек.
Әсіресе,  педагогикалық  іс-әрекеттің  нәтижелі  болуы  бірін-бірі 
толықтыратын бірнеше іскерлікке, қабілетке байланысты. Қатынас 
үшке бөлінеді:
- ішкі қатынас
- сыртқы қатынас
- табиғатпен қатынас.
1.  Ішкі  қатынас  –  бұл  адамның  өзімен-өзінің  кеңесуі  Қазақ 
мұндайда,  «қабырғаңмен  тілдес»  дейді.  Бұл  да  қатынастың  бір 
жолы.
2. Сыртқы қатынас жеке адам бірімен және ұжыммен, топпен, 
ұстазбен,  қатынасады.  Бұл  қатынастардың  әрқайсының  көздеген 
мақсаты, мазмұны, әдісі, тәсілі, бар.
3. Адам тірі және өлі табиғатпен, заттармен, жан-жануарлармен 
тілдесе отырып қатынас жасайды. 
Ұстаз  ішкі,  сыртқы  және  табиғатпен  қатынастарды 
жасөспірімдерге үйретеді, ықпал етеді. Педогогикалық қатынастың 
ерекшелігі  оның  мақсаттылығында,  саналылығында,  білімділік, 
тәрбиелік құндылығында.
Педагогикалық қатынастың нәтижесіндегі бірнеше жағдайға:
а) балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне;
ә)  баланың  психикалық,  эмоциялық  (сезімталдық)  жағдайына, 
баланың ойын табуға;
б)  ұстаздық  шеберлігіне,  тартымдылығына,  сауаттылығына, 
баланы өзіне қарата білуіне.


138
Тек осы жағдайларды ескергенде ғана педогогикалық қатынас 
нәтижелі болады байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет