Әлеуметтанудың объектісі мен пәні Жоспар. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Әлеуметтану және тарих
Әлеуметтану және саясаттану
Әлеуметтану және психология
Әлеуметтану және экономика ғылымы
Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін, басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындаудан басталады.Әлеуметтану ғылымының осынау белгілерін ол жайындағы түсініктің қазіргі кездегі пікірталасына және әлеуметтанушы мектепке тәуелділігіне назар аудара отырып қарастырамыз.
“Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның societas-қоғам және гректің logos –сөз,түсінік, ілім дегенсөздерінен. Демек,этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандайда бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Ол үшін ең алдымен әлеуметтанудың объектісі менпәнінің ара жігін ажыратып алған жөн.
Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатынныңбәрі, оған объективті шынайылық ретіндегі қарсы тұратын нәрсенің бәрі жатады. Нақты ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап зерттеледі. Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шартты ретінде қарастырылады.
Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар объективті шынайылықтың және бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы. Және де объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық- көптеген жарастылыстану және техникалық ғылымдардың, ал әлеуметтік шынайылық –қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі. Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшклкнген зерделеу объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес ,оның қандай да бір жағы немесе көрінісі. Экономика ғылымдарының ерекшкленген объектісі-қоғамдық өмірдің материалдық игіліктерді өндіру,бөлу, алмасу және тұтыну сияқты өзіне тән жақтары. Қоғам өмірінің экономикалық саласынан едәуір өзгеше жағы – саяси биліктің ұйымдастырылуына, қызмет етуіне және дамуына байланысты саясат саласы болып табылады. Және де ол саяси ғылымдардың ерекшеленген объектісі болып табылады. Бірқатар ғылымдар-мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар – қоғамның рухани өмірін, рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге арналған.
Ғылыми білімнің объектісі мен пәні бір-біріне дәл келе ме? Жоқ, дәл келмейді, өйткені кез келген ғылымның объектісі таным процесінің бағытталған нәрсесі болып табылады, ал пән қызметін тікелей зерделенуге жататын объектіні құрайтын тараптарға, байланыстарға, қарым-қатынастарға қызмет етеді. Егер де ғылым объектісі – объективті дүниенің қандай да бір бөлігін танытатын шынайылық дейтін болсақ, ал ғылымның пәні-осы шынайылықтың ғылыми және тәжірибелік көзқарас тұрғысынан неғұрлым маңызды заңды байланыстары мен қарым-қатынастарын анықтау жолымен, сол шынайылықты абстрактілі деңгейде қайта тудыру. Кез келген ғылымның пәні объективті дүниенің жай ғана бір құбылысы немесе процесі емес,оның зерделенетің объектісінің дамуы мен қызмет етуінің басқа ғылым емес, тек қана осы ғылым үшін ерекшеленген белгілі бір заңдылықтарын бөліп қарауға мүмкіндік беретін теориалық абстрактілеу нәтижесі болып табылады. Мұндай абстрактілеу (зерделенетін объектінің үлгісін жасау) әлеуметтік шынайылылықтың әллеуметтанушықызметі бағытталған “бөлігін”, “саласын”, “қырларын”, “анықтайды”.
Сонымен, ғылымның пәні ол зерделейтін объектіге тепе-тең емес. Ғылымның пәні тұрақты бола алмайды және таным процесінің өзі сияқты үнемі қозғалыс, даму, қалыптасу үстінде болады. Ғылымның пәндік саласының қозғалысы екі шешуші факторға: бір жағынан ғылыми білімнің прогресіне, екінші жағынан қоғамның өзгермелі сұранысына тәуелді. Әлеуметтанудың пәндік саласы аталған факторлардың ықпалымен қалыптасқандықтан және қалыптасып жатқандықтан, әлеуметтану өз пәнін анақтауда өзгеріске ұшырамай тұра алмайды. Енді біз әлеуметтану тарихының ішінен оның пәні тұралы ұғымның қалай өзгергенін қарастырамыз. Әлеуметтанудың негізін қалаушы О.Конт әлеуметтану пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлегіне сүйенеді. О.Конт оң әлеуметтанушылық білімді табиғи- физикалық процестерге ұқсатып құрды. Әлеуметтануды әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамика бөлу осыдан келіп шыққан.
Ағылшын философы әрі ғалымы Г.Спенсер әлеуметтануды әлеуметтік институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді.
Неміс кәсіби әлеуметтануының атасы Ф.Теннис әлеуметтанудың өзі жасаған тұжырымдамасы шеңберінде теориялық және қолданбалы әлеуметтанумен қатар салыстырмалы оқу пәні ретінде эмпирикалық әлеуметтануды бөліп қарайды. Ол индуктивті әдіске сүйенеді және жалпы ұстанымдар ретінде теориялық әлеуметтану ұғымдарын пайдаланады. Ф.Теннистің ойынша, әлеуметтану пәнін әлеуметтіліктің, қоғамдастықтың барлық түрлері және олардың негізін адамдардың өзара әрекеті құрайды.
Француз әлеуметтану мектебінің негізін қалаушы Э.Дюркгейм үшін дербес және ерекшеленген ғылым ретіндегі әлеуметтанудың пәні әлеуметтік фактілерді зерделеу болды, оларды “заттар ретінде”, қоғамдық тұтастықты нығайтатын наным, ұжымдық сана жүйесіне қатысты функционалдық көз қарасы тұрғысынан түсіндіруге тиіс нәрсе ретінде қарастыру қажет. Осы тұжырымдамаға сәйкес, әлеуметтану “олардың мүшелері оқшауланған кездегі әрекетінен гөрі мүлде өзгеше ойлайтын, әрекет ететін және сезінетін” әлеуметтік топтарды зерделеуге тиіс. Басқаша айтқанда, оның түсінігінде әлеуметтану дегеніміз әлеуметтік институттар, олардың генезисі және жұмыс істеуі туралы ғылым.
Неміс әлеуметтанушысы М.Вебердің көз қарасы бойынша, әлеуметтану пәнін анықтау әлеуметтік мінез – құлықты түсінумен тығыз байланысты. М.Вебер үшін әлеуметтану пәні дегеніміз әлеуметтік іс-әрекеттердің мән-мағынасының, әлеуметтік қарым-қатынастар мәнінің және олардың әрекет субъектісіне арналған құрылымдарының тұтас жиынтығы. Бұл позетивтік-баяндаушы емес, түсінікті әлеуметтану болуға тиіс.
Әлеуметтану пәні туралы американ әлеуметтанушысы П.Сорокиннің түсініктері қызықты.
Әлеуметтану барлық котигориядағы әлеуметтік феномендер, сондай-ақ оларды біріктіретін қарым-қатынастар мен өзара байланыстар туралы жалпы ғылым болып табылады.
Американ әлеуметтануының классигі Т.Парсоне әлеуметтануды мінез-құлықтардың өзара іс-әрекеттері мен атқаратын рөлдерінен-құндылықтардың жалпы иерархиясына бағытталған өзара іс-қимылдардан тұратын, мәдени үлгілер, ережелер мен мәртебелердің институциялануына негізделетін құрылымдарға сүйенетін, әлеуметтік жүйелерді зерделейтін ғылым деп біледі.
Символикалық интеракционизмнің негізін қалаушы Дж.Г.Мид әлеуметтану жануарлардың мінез-құлқынан принципті түрде өзгеше болатын адам мінез-құлқынан механизмін түсінуге тырысуы тиіс деп есептейді. Әлеуметтік өзара әрекет механизмін оның барлық деңгейлері мен мән-мағынасы бойынша барабар түсіну міндетін жеке тұлғаның ішкі дүниесі мен оған себепші болатын факторларды түсінген жағдайда ғана шешуге болады. А.Шюцтің пайымдауы бойынша, әлеуметтану пәні “интерсубъективтіліктің”, яғни жеке адамдар бірін-бірі қалай түсінетіндігінің, дүние туралы жалпы қабылдау мен жалпы түсінік қалай қалыптасатындығының проблемасы болып табылады.Шюцтің интерсубъективтілікті талдаулары кәдуілгі білімнің әлеуметтанушылық іргетасын-феноменалдық әлеуметтанудың бүгінгі таңдағы неғұрлым толық жасалған тұжырымдамаларын бірінің іргетасын қалады.
Э.В.Тадаевосян жетекшілік еткен авторлар ұжымы мынадай анықтама береді: әлеуметтану-қоғамның ұйымдастырылуының, қызмет етуінің және дамуының жалпы және ерекшеленген әлеуметтік заңдылықтары, адамдардың,олардың қауымдастықтардың және жалпы қоғамның әрекеттері мен өзара іс-қимылдарында жүзеге асуының жолдары, нысандары мен әдістері туралы ғылым.
В.А.Ядов әлеуметтану пәнін былай тұжырымдайды: әлеуметтану-әлеуметтік қауымдастықтар мен олардың өзін-өзі ұйымдастыру нысандарының: әлеуметтік жүйелердің, әлеуметтік құрылымдар мен институттардың қалыптасуы, дамуы және қызмет етуі туралы ғылым.Бұл әлеуметтік субъект әлеуметтік-қауымдастықтардың белсенділігінен туындайтын әлеуметтік өзгерістер туралы ғылым; алуан түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың арасындағы өзара байланыс және өзара әрекет механизмдері ретіндегі әлеуметтік қарым-қатынастар туралы ғылым; әлеуметтік іс-әрекеттер мен бұқаралық мінез-құлықтың заңдылықтары туралы ғылым.
С.С.Фроловтың пікірінше,әлеуметтану-қоғамның құрылымдарын, олардың элементтері мен өмір сүру шарттарын, сондай-ақ сол құрылымдардағы әлеуметтік процестерді зерделейтін ғылым.
Ж.Т.Тощенконың анықтамасы бойынша, әлеуметтану-азаматтық қоғам мүшелері ретіндегі адамдардың санасы мен мінез-құлықтарының қозғаушы күштері туралы ғылым. Әлеуметтану пәні мыналарды қамтиды: өзінің барлық қарама-қайшы дамуындағы шынайы қоғамдық сана; санада қалыптасатын білімдердің,ұстанымдардың, құндылық бағыт-бағдарлардың, сұраныстар мен мүдделердің пәндік көрініс табуы (нысаны мен мазмұны бойынша) ретіндегі адамдардың қызметі, шынайы мінез-құлқы; адамдардың шынайы санасы мен қызметі, шынайы мінез-құлқы дамитын және жүзеге асатын жағдайлар.
Жоғарыда аталған анықтамаларға жасалған қысқаша шолу барлық көзқарастардың макро- не микроәлеуеттанушылық парадигмалармен арақатынаста болатынын көрсетеді. Макротеоретиктер қоғамның ғаламдық заңдарын ашып көрсетуге талпына отырып қоғамның, мәдениеттің, әлеуеттік институттардың, әлеуметтік жүйелер мен құрылымдардың,ғаламдық әлеуметтік процестердің ұғымдарын пайдаланады.Микротеоретиктер қоғам туралы философияшыл болудан бас тарта отырып, жалпы жеке адамдардың түрлі әлеуметтік жағдайлардағы мінез-құлқын, олардың әрекеттерінің себеп- салдарын, жеке тұлға арасындағы өзара әрекет механизмдерін және басқа да нақты мәселелерді зерделеумен шұғылданады.