15. К.Д. Ушинский: «Әзіл болуы керек, бірақ қалжың- бастыққа орын беруге болмайды, еркелету керек, бірақ еркімен жіберуге болмайды, мейірімділік керек, бірақ талапты ұмытуға болмайды» - бұл пікір мұғалім мен оқушы арасындағы қарым- қатынасты реттейтін қай категорияға сәйкес келеді? А) тактика
Ә) педагогикалық такт
Б) мәдениет
В) қарым-қатынас
Г) адамгершілік
16. «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика-әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім» осы цитатаның авторы кім? А) А. С. Макаренко
Ә) Ы. Алтынсарин
Б) А. Байтұрсынов
В) Я. А. Коменский
Г) К. Д. Ушинский
17. Педагогтің жұмысының түпкі нәтижесі А) оқушыларға сапалы білім беру
Ә) тәрбиеленушілерді қоғамдық қызметке бейімдеу
Б) оқушыны өзін-өзі ортада ұстай білуге үйрету және танымдық
процестерін дамыту
В) белгілі бір кәсіпке баланы дайындау, өмірге бағыттау
Г) оқушы, оның дамуы, білімділігі, тәрбиелілігі, жеке басының
қалыптасуы