282
№ 9
Автобусқа отырған оқушы баланың қасындағы бос орынға жас
әйел келіп отырды. Келесі аялдамадан қарт әже трамвайға зорға
мініп, бұлардың қасына келді. Жас әйел оқушы бала орын беретін
болар деген оймен балаға қарап еді, ол терезеге қарап, әжейге
көз салмады. Әйел өзі тұрып орын берді. Оған жалт қараған бала
қызарып кетіп, әйелге өз орнын ұсынады.
Бала неліктен қызарды?
Әйел балаға ықпал ету үшін қандай әдіс қолданды.
№ 10
4-сынып оқушысының мамасы мұғалімге келіп баласының өзін
әркезде алдап істейтіні туралы айтты, мұғалім мұндай хабарға елең
етті, себебі ол мұғалімді немесе қасындағы жолдастарын алдап
көрген емес.
1. Не себепті мектепте алдау дегенді білмейді, ал мамасын алдауы
мүмкін.
2. Мұғалім баланың апасына қандай кеңес беруі мүмкін.
№ 11
Класс бөлмесін тазарту жұмысын аяқтаған соң, алтыншы класс
оқушылары түгел киноға баруды ұйғарады. Мектеп директоры
келіп, коридорды жинауға көмектесу керек екенін айтты.
Балалармен қалай әңгіме жүргізесіз?
№ 12
4-кластың оқушылар ұжымында әртүрлі іс-әрекетке байланысты
мамандар тобы пайда болды. Олар: “эрудиттер”, “спортсмендер”,
“артистер”, “жұмысшылар”, “шопандар”, “мұғалімдер”.
Бұл топтар неліктен және қандай жағдайларға байланысты
пайда болған деп ойлайсыз?
Бұл топтармен қандай жұмыстар жүргізуге болады деп
есептейсіз?
№ 13
- Сен неге бүгін күні бойы мектептен шықпай қойдың?
-
Тек мені ғана емес, бәрімізді де қамап койды.
- Кім сендерді қамады? Тағы бірдеңені “бүлдіргенсің ғой?