Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


исседондар мен  аргиппейлер



Pdf көрінісі
бет57/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

исседондар
мен 
аргиппейлер
жайлады. Осы тайпалардың қалдырған 
ескерткіштері археологияда «Тасмола мәдениеті» деген атпен белгілі. Шығыс 
Қазақстанның асыл металдардың қорына бай аудандарын 
аримасплер
мен 
алтын қорыған самұрық
тайпалары, Батыс Қазақстан жерін алғаш 
савраматтар,
кейін
сарматтар
мекендеді. 
Осы аталған тайпалардың одағы сол дәуірдегі Орта Азияның саяси тарихына 
тікелей қатысты. Б.з.д. VІ ғ. ахеменидтік Иранның патшасы Кир өзінің шығыс 
шекарасын кеңейтіп, патшалықтың үстемдігін нығайту мақсатымен Арал маңын 
мекендеген көшпелі тайпаларға қарсы жорыққа шықты. Сол жорық жайлы 
гректің екі бірдей тарихшысы Герадот пен Ктесий Книдский жазып қалдырған. 
Б.з.д. 529 ж. Сырдарияның бойында болған ұрыста Томирис (Тұмар) ханша 
бастаған массагет әскерлері парсыларды талқандап, Кирдің басын шауып 
Сырдарияға тастаған. Дегенмен, Кирдің баласы Дари І-ге Қазақстанның 


Оңтүстігін мекендеген сақ тайпаларының бір бөлігін уақытша бағындыру сәті 
түссе керек. Өйткені кейбір жазба деректерде сақтардың атты құрамаларының 
Даридің әскерімен бірге Мысыр мен Грекияға қарсы соғысқаны жайлы 
айтылады.
Сақ тайпаларының материалдық мәдениеті, шаруашылығы мен тұрмыс 
тіршілігі, әлеуметтік құрылымы жайлы жазба деректер көп ештеңе айтпайды. 
Осындай мәліметтерді олардың археологиялық ескерткіштерін зерттеу арқылы 
ғана аламыз. Сақ тайпаларының материалдық мәдениеті жерлеу ескерткіштері 
материалдары негізінде зерттелген. Олар – Жетісуда: Қарашоқы, Қарғалы 1 
(б.з.д.VІІІ-VІІ ғ.); Жуантөбе 1, Қадырбай 3 (б.з.д. VІІ-VІ және ІV-ІІІ ғ.); 
Бесшатыр және Есік (б.з.д. V – ІV ғ.) т.т.; Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал 
маңында Түгіскен мен Ұйғарақ (б.з.д. VІІ-V ғ.); Шығыс Қазақстанда Шілікті 
(б.з.д. VІІІ-VІ ғ.); Берел (б.з.д. V-ІV ғ.); Орталық Қазақстанда Тасмола (б.з.д.VІІ-
ІІІ ғ.) қорымдары. 
Жетісу сақ мәдениетінің үлкен орталықтарының бірі болғанын Бесшатыр мен 
Есік қорымында жүргізілген археологиялық зерттеулер қорытындысы анық 
көрсетеді. Осы ескерткіштерде 50-70-жылдары аралығында зерттеу жүргізген 
Жетісу археологиялық экспедициясы (жет. К.А. Ақышев) ғылым үшін аса 
маңызды материалдар жинады. Алматыға жақын жердегі Желшалғыр тауының 
етегінде, Іле өзенінің оң жағалауында орналасқан Бесшатыр қорымы 31 обадан 
тұрады. Олардың 21- і тас, қалғандары қиыршық тас пен топырақ араласқан 
үйінділерден түзілген. Үйінділерінің өлшеміне қарай қорым үлкен, орташа және 
кіші обалар болып үшке бөлінген. Үлкен обалардың көлденең өлшемі 45 – 105 
м, биіктігі 6 – 17 м; орташаларының көлденең өлшемі 25 – 38 м, биіктігі 5 – 6 м; 
кішкенелері 6 – 18 м, 0,8 – 2 м.
Ежелгі заманның өзінде көпшілігі тоналған қорымның әрбір обасы үлкен 
тарихи құндылық болып табылады. Зерттеу қорытындылары сақ қоғамының сол 
кездегі даму деңгейі, құрылыс салу дәстүрінің жетістіктері жайлы үлкен 
мағұлмат берді. Үйінді, оның астындағы бөренелер мен қамыстан тұрғызылған 
жерлеу үйі, тас қабырғалар мен қоршаулар, жерасты жолдарынан, кейбіреулері 
айнала қоршай орналасқан меңгірлер топтарынан тұратын үлкен обалар 
біртұтас сәулеткерлік құрылыс болып табылады.
Сақ 
мәдени қауымдастығының шаруашылық-экономикалық, мәдени-
әлеуметтік даму деңгейін зерттеуде аса маңызды мәліметтер берген Есік 
обасында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесі болды. Мұнда көлденең 
өлшемі 60 м, биіктігі 6 м обаның астында орналасқан екі жерлеу қабірі 
анықталды. Үйіндінің қақ орта тұсында болған жерлеу қабірі толығымен
тоналған. Оның оңтүстік шетінде 15 м жердегі екінші жерлеу толығымен аман 
сақталған. Тау қарағайынан жасалған қима тағанның ішіне жерленген 
бекзаданың алтынмен апталған киімі мен онымен бірге қойылған заттар, қару- 
жарақтардан тұратын өнер туындылары әлемдік тарихтағы елеулі жаңалық 
болды. Бекзаданың киімі мен қалпағына тігілген жабайы аңдардың, үй 


жануарларының, құстар бейнесіндегі және үш бұрышты түріндегі алтын 
ілмешектер, сабы алтынмен апталған қанжары мен семсеріне жұмсалған 
алтынның жалпы салмағы 4 кг-нан астам. Ал олардың жасалу нақышы сол 
заманғы өнер жетістігінің алдыңғы туындысы деуге тұрарлық. Жерлеуден 
шыққан асыл метталдан жасалған өнер туындылары мен қарапайым ағаш және 
балшық ыдыстар, тұрмыстық заттар сақ қоғамының өмірдің қай саласында 
болмасын көршілерінен жоғары болғандығын растайды.
Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулердің материалдары Қазақстанды мекен 
еткен ерте көшпенді тайпалар біртұтас көшпелі тіршілік кешпегендігін 
көрсетеді. Жетісу сақтарының жерлеу ескерткіштерімен қатар тау бөктерлерін 
жайлаған мекенжайлары да қазылып, зерттелуде. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ 
ғасырдың басында Сарытоғай, Өсербай, Рақат, Талғар, Цганка, Бұтақты, 
БУралдай, Есентай секілді оншақты сақ-үйсін мекенжайлары зерттелді.
Мекенжайларда жүргізілген қазба барысында алынған материалдар сақ-үйсін 
тайпаларының мал бағумен қатар егіншілікпен айналысқан отырықшы 
тіршілікті де қатар игергендігін көрсетеді. 
Археологиялық зерттеулер қорытындылары Сақтардың шаруашылғы мен 
тұрмысында қой мен жылқы негізгі рөль атқарғандығын көрсетеді. Қабірлерді 
қазу кезінде асыл тұқымды жылқылардың қаңқасы жиі табылады. Жерлеу
ескерткіштерінің алып және құрылысының күрделілігі сақтарда сәулеткерліктің 
жақсы дамығандығын, қабірге салынатын заттардың бай және алуан түрлілігі 
қоғамдық даму деңгейінің биіктігінен хабар береді. Есік қорғанынан табылған 
«Алтын киімді бекзаданың» алтын ілмешектер мен жануарлар, құстар түріндегі 
әшекейлер сақтарда көркем өнерінің жоғары деңгейде дамығандығын 
көрсетеді. Б.з.д. VІІ – VІ ғасырларда Орта Азия, Қазақстан және Сібір мен 
Оңтүстік Шығыс Еуропа даласында кең тараған қолданбалы өнер үлгісі 
ғылымда «аң нақышы» деген атқа ие болған. Бұл нақыштың ерекшелігі 
аңдардың бір-бірімен арпалысы, жыртқыш аңдардың жабайы жануарларды 
құлшына жұлмалау, жыртқыш аңдар мен жабайы жануарлардың кері қарай 
бұралып көрсетілген бейнелерімен ерекшеленеді.
Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті жазығында сақталған сақ 
патшалары қорымы ХХ ғ. басынан бері бірнеше дүркін қазылды. С.С. Черников 
зерттеуі кезінде диаметрі 20-200 м, биіктігі 2-10 метрлік 51 оба анықталған. 
Зерттеу барысында жердің астына және жердің бетіне бөренелерден салынып, 
үстінен тас және топырақ аралас үйінділер тұрғызылған күрделі жерлеу 
құрылыстары ашылды. Қабірлердің бірінен табылған 40 пен 50 жастың 
арасындағы ер кісі мен 50 мен 60 жастың арасындағы әйел адамның мәйіті 
табылған. Бұлардың анасы мен баласының денесі болуы мүмкін. Қабірлерден 
табылған бес жүзден астам аңдар мен құстардың алтыннан жасалған кішкене 
мүсіншелері мен қазбаның толық мәліметі С.С. Черниковтің «Загатка золотого 
кургана» атты кітабында жарияланған.


2003 жылы жүргізілген зерттеулер Шілікті жазығында орналасқан сақ 
обаларының саны 220, олардың ішінде патшалар мен ақсүйектерге тәндері 48 
оба екендігі анықталды. Қазбаға алғаш іліккен № 2-обаның диаметрі 75, биіктігі 
6 м. Сол кездің өзінде тонауға ұшыраған жерлеу құрылысы қатты бүлінген, 
жерленген кісінің сүйектері бей-берекет шашылған. Дегенмен, тонаудан аман 
қалған алтыннан жасалған ұсақ бұйымдардың жалпы саны 4303 данадан 
тұрады. Олар: бұғы, арқар, барыс, қасқыр сияқты аңдар мен жабайы 
жануарлардың, бүркіттің құйма мүсіндері. Табылған заттар б.з.д. ІХ-VІІІ 
ғасырлармен мерзімделеді. 
Қазақстандық Алтайда орналасқан Берел патша қорымын зерттеу осы 
ескерткiштердi қалдырған тұрғындардың Пазырық сақтарымен туысқан 
тайпалар болғанын көрсететiн мол материал бердi. Тас обаның астынан 
қазылған терең шұңқырдың ішіне салынған қима тағанның бір шетіне қойылған 
ағаш табытқа жерленген сақ батыры мен оның анасының денесi шыққан. 
Олардың анасы мен баласы екендігі молекуларлы-генетикалық әдіс бойынша 
анықталды. Антропологиялық зерттеулер барысында еркектің қабырға, 
омыртқа, ұзын сүйектері бірнеше дүркін сынып, қайта біткендігі анықталған. 
Марқұмның басына операция жасалған. Осындай белгілері мен жанына 
қойылған қарулары ер кісінің тірі кезінде қол бастап, талай шайқасқа қатысқан 
батыр болғандығын білдіреді. Өкінішке орай, жерлеу сол заманның өзінде 
тоналған. Тонаудан қалған заттардың қатарында қолдан жапсырып жасалған 
құмыра, ағаш стол мен ағаш күрек бар. Ол баста мәңгiлiк тоңға негiзделiп 
жасалған қабірдің құрылымы тонау қуысы арқылы кірген ауадан бұзылған. 
Сондықтан жерленген мәйіттердің жұмсақ еттері сақталмаған. Марқұмдар 
жерленген қиматағанның солтүстік шетіне 13 сәйгүлiк жерленген. Олар екі 
қатар етіп: астыңғы қатарда 7 жылқы, оның үстінен 6 жылқы жатқызылған. 
Жылқылардың асты мен үстіне қайыңның қабығы мен курил шайының 
жапырағы екі қатар етіп төселген. Жерлеудің осы бөлігі тонауға 
ұшырамағандықтан оның мұздыққа негізделген қалпы бұзылмаған. Сондықтан 
жерленген жануарлардың денесі тоңға қатқан күйінде бізге жеткен. Жылқылар 
ер-тұрман, құйысқан, жүген секілді атәбзелдерімен жасақталған. Жылқылардың 
бірінің басына алтын жапырақтан жасалған бетперде кигізілген. Атәбзелдері 
мысық тұқымдас жыртқыштар, бұғы, құстар, таутекелер мен арқарлар 
бейнесінде ағаштан ойып жасалған нақыштармен безендірілген. Нақыштар 
сыртынан алтын жапырақшалармен қапталған. Қазбадан шыққан заттарды 
зерттеуге қатысқан ондаған мамандық салаларының ғалымдары жерленген 
мәйiттер мен олардың өмiрiн сан қырынан көрсететiн қорытындылар жасауда. 
Мысалы, археологтармен қатар жұмыс iстеген тоң зерттеушiлер мәңгілік 
мұздыққа негіздеп жасалған жерлеудің арқасында жерленген адам, онымен 
бірге көмілген жылқылар, қарулар, тұрмыстық заттар бізге дейін сол бастапқы 
қалпында жетуінің себептеріне көз жеткізді. Өкінішке орай, тонау кезінде 
бұзылған мәңгілік тоңдық жүйенің салдарынан жерленген кісілердің денесі 


бастапқы қалпында сақталмаған. Осының салдарынан ғылым үшін аса маңызды 
генетикалық зерттеу амалдары дәрменсіз қалды. Тоң қалпы бұзылмаған 
бөліктегі 13 жылқының сол күйінде жеткен денесіндегі жеке таңбалар мен 
олардың асқазанында қалған шөп құрамы және аттардың ер-тұрмандары мен 
әбзелдері, ағаштан жасалып, сыртынан алтын жапырақтармен қапталған түрлі 
өрнектер сақтардың саяси-әлеуметтік тіршілігі мен мәдени жетістіктері жайлы 
құнды мәліметтер айтады.
Орталық Қазақстанды мекендеген сақ тайпаларынан қалған археологиялық 
ескерткіштер кешені ғылымда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет