мекенжайлары белгілі. Бірақ олар қажетті деңгейде зерттелмеген. Дегенмен,
уақытша және тұрақты мекендердің болғаны анықталған. Қоныстардағы үй
жайлары жартылай жертөле және жердің бетіне салынған үйлер түрінде
кездеседі.
Тагарлықтарда ыдыс жасау кәсібі жеткілікті дамығанымен қолөнері денгейіне
жетпеген. Құмыра жасау кәсібінің жоғары деңгейін білдіретін құмыра жасайтын
шарық қондырғысы өте сирек кездеседі. Ыдыстың жаңа түрі күпшіндер пайда
болған. Тері илеу, былғары өңдеу, сүйекті кесу жақсы дамыды, жіп иірудің
көрсеткіші саналатын мал жүнінен жасалған маталар жиі табылады. Қаруды
еркектер мен қатар әйелдердің де жерлеулеріне қойған. Мәдениеттің соңғы
кезеңінде қарулар мен құралдардың орнына қоладан, темірден арнайы жерлеу
үшін жасалған олардың көшірмелері қойылатын болған. Жерленген марқұмның
түр-түсін айнытпай қайталайтын балшық бетперделер (маскалар) осы кезеңде
пайда болады. Гипс тәріздес теракота бетперделер (маскалар) кейінгі тагар
мәдениетінде кең таралды. Мәдениеттің соңғы кезеңінде таптардың қалыптасу
үрдісі байқалады. Дегенмен, жерлеу ғұрпында мүлік теңсіздігін білдіретін
белгілері көп байқалмайды.
Өздерінің физикалық түрі жағынан тагарлықтар еуропоидтық нәсіл өкілдері
афанасевтіктердің жақын ұрпағы саналады. Б.з.д. ІV-ІІІ ғасырларға жататын
тағарлық обалардың астында жүздеген қарулы еркектер бірге жерленген үлкен
қабірлерді көреміз. Бұл көрініс тайпалардың арасындағы жер үшін болған
қарулы қақтығыстардың жиілегенін білдіреді. Сонымен қатар патшалардың
алып обалары да жиі кездеседі. Солардың бірі – б.з.д. ІV-ІІІ ғасырлардағы
Салбық обасы. Оның биіктігі 11 м, көлденең ені 500 м, онда қарт-көсем (патша)
алдын ала өлтірілген құлдарымен бірге жерленген. Сол заманның өзінде тонауға
ұшыраған обаның астынан үлкен жұмыр тастардан жасалған алып құрылыс
шықты. Оба астындағы тас қоршаудың өлшемі 70х70 м, биіктігі 6 метрге дейін
жетеді. Қоршауға қойылған кейбір жалпақ тастар 75 шақырым жердегі
Енесайдың жағасынан әкелінген. Тас диірменнен басқа жерлеу заттары
жоғалған. Дегенмен, обаның алып өлшемі мен жерлеу ғұрпының салтанаттығы
Салбық обасын патшаныкі деуге негіз болған.
Достарыңызбен бөлісу: