нобайлы, оларда жыныстық белгі секілді жекелеген бөліктерді ерекшелеп
көрсету орын алған.
Неолиттік өнердің тағы бір бөлігі өрнектер (безендіру) болып табылады.
Безендіру өнері неолитте өзінің көркею шағына жетті. Батырып салынған түрлі
өрнектер жалпақ сүйектер мен қанжарлардың саптарына түсірілген. Неолит
дәуірі ыдыстарының сыртындағы тамаша өрнектер олардың қайсыбір
мәдениетке тиесі екендігін білдіреді. Неолиттік өрнектер өзінің мазмүны мен
безендіру нақышы жағынан алуан түрлі. Ыдыстардың сыртын безендіруде
нүктелер, қисық сызықтар, бұрышты түзу сызықтар, тырнап салу, батырып салу
секілді безендірудің алуан түрлі тәсілдері қолданылған.
* * *
Неолит тас ғасырын аяқтап, адам баласын жаңа дәуір босағасына дейін алып
келді. Жаңа тас өндіруші шаруашылықтың пайда болып, оның жер бетіне тарала
бастаған уақыт болды. Шаруашылықтың өндіруші саласымен тікелей қатысты
металлургияның пайда болуына алғышарт жасалды.
Тас өңдеу тәсілі өзінің ең жоғарғы деңгейіне жетті. Бұдан кейінгі тас өңдеу
тәсіліне қосылған жаңалықтар шын мәнінде, оның мазмұнын өзгерте алған жоқ.
Неолит адамдарының шаруашылық мүмкіндіктерін кеңейткен балшық
ыдыстары пайда болды. Ыдыстар ас пісіру, ас ішу үшін ғана пайдаланылып
қоймай, азықты сақтау және оларды бір жерден екінші жерге тасымалдау үшін
де қолданылды. Адамзат тоқыма ісін меңгерді. Тоқылған матадан ыңғайлы киім
тігіліп, матаны шаруашылық саласында да тиімді пайдаланды.
Қоршаған орта, аспан денелері, табиғаттың кейбір құбылыстары жайлы
түсініктер қалыптасты. Рулық құрылыс шарықтау шегіне жетіп, оның
ыдырауының алғышарттары пайда бола бастады. Баспана салу, үй ішіне ошақ
құрып, суықтан қорғану, өмір сүру мүмкіндігін жеңілдету оң нәтижелер берді.
Достарыңызбен бөлісу: