Б.з.д. IV-мыңжылдықта адамдар мыстан еңбек құралдарын жасай бастады.
Мысты игеру барлық жерде бiрдей жүрген жоқ. Мысқа бай оңтүстiк аудандарда
бұл үрдіс қарқынды дамыды. Металл өндірісінің қалыптасып дамуы туралы екі
түрлі көзқарас бар. Зертеушілердің бір бөлігі метталл өндірісі бстапқыда бір
ғана жерде қалыптасып, біртіндеп басқа жерлерге тараған деген пікір айтады.
Ол ежелгі Шатқалкүйік және Шойынтөбе қоныстары орналасқан Анатолия мен
Хузистан аралығы. Бұл – Иранның оңтүстігіндегі тарихи аймақ. Ол жерлерден
б.з.д. VІІІ – VІІ мыңжылдықтарға жататын, әлемдегі ең көне мыс бұйымдар
(моншақ, ине, біз) табылған. Ғалымдардың келесі тобы метталды өңдеудің
кейбір әдістерін өзгелерден үйренумен қатар кейде оны дербес игерген
жағдайлар да болған дейді. Еуразия құрлығында металл өндірісі б.з.д. V-ІV мың
жылдың шекарасында қалыптасқан.
Ежелгі мыс өндірген кеніштер өте сирек табылады. Дегенмен, археологтар
бірсыпыра кеніштерді тауып, зерттеген. Олар – Солтүстік Қазақстандағы
Бақырөзек, Киілбай өзенінің бойындағы Еленовка, Алтайдағы Белаусовкі
кеніштері. Соңғы айтылған кеніштен мыс кені салынған тері дорбасы ежелгінің
жанында жатқан ежелгі адам қаңқасы табылған. Мыстың табиғатында жұмсақ
қасиеті, тас құралдармен бәсекеде кем түсіп жатуы мыс құралдардың көп
жерлерге таралмауына себеп боды. Мыстан көбіне, сәндік бұйымдар мен
пышақ, біз секілді ұсақ құралдар жасаған.
Мыс өңдеудiң екi: қыздырып және қыздырмай өңдеу тәсiлi белгiлi.
Бұлардың қайсысы алғаш игерiлгендiгiн дөп басып айту қиын. Ең алғашқы
еңбек құралдары қыздырмай, кесек мыстарды көрiкте соғу арқылы жасалды
деуге негiз бар. Дегенмен, мысты қыздырған кезде балқыған мыстың әртүрлi
қалыпқа түсiруге болатындығын адамдардың бiлуi де әбден мүмкiн.
Металл өндiрудi игеруге байланысты өндiрiсте өзгерiс болды. Жалпы
тайпалардан егiншi және бақташы тайпалардың бөлiнiп шығуы неолитте
қалыптаса бастаған бiрiншi қоғамдық еңбек бөлiнiсiне алып келдi. Жерорта
теңiзi, Алдыңғы Азия, Солтүстiк Африка, Оңтүстiк-Шығыс Еуропада және Орта
Азия жерлерiнде егiншi тайпалардың мәдениетi тұтастай қалыптасты. Ал
құрлықтың басқа көптеген бөлiктерiнде шаруашылықтың неолиттiк қалпы
сақталды.
Шығыс Еуропаның оңтүстiк аудандары мен Орта Азияның көпшiлiк
жерлерiнде таралған энеолиттiк мәдениеттер дамудағы өзара ортақ бiрсыпыра
белгiлерiне қарай топтастырылған. Олар – тас еңбек құралдарымен қатар мыс
құралдардың көп таралуы; кетпендi егiншiлiк пен үй маңы бақташылығының
үстем болуы; өрнектi балшық ыдыстардың молдығы; балшықтан тұрғызылған
iрi үйлермен қатар, балшықтан жасалған әйел мүсiндерi, ерекше өрнектi өнер
туындылары. Шығыс Еуразия кеңiстiгiнде энеолит мәдениетi Оңтүстiк Украина
мен Молдовада, Орта Азияның оңтүстiгiнде жақсы зерттелген. Украина,
Малдова, Румыния мен Болгарияның Карпат-Дунай аймағы «
Достарыңызбен бөлісу: