атбасар
және
маханжар
мәдениеттері негiзiнде қалыптасқан. Осы мәдениеттiң басты қонысында
жүргiзiлген ұзақ жылдық зерттеулер ботайлықтардың жылқыны алғаш қолға
үйреткен тайпалар екендiгiн дәлелдейтiн материалдар (70000 жылқы сүйегі
табылған) бердi. Алғашқы жылқышы тайпалар Ботайды 200 жылға жуық уақыт
мекендеген. 15 га аумақты алатын қоныстан 158 үйдің орны анықталып,
олардың 50-і қазылды. Үй салу үшін алдымен 20-70 шаршы метрлік төрт және
сегіз бұрышты, тереңдігі 1 м шұңқыр қазылған. Шұңқырдан шыққан шымдарды
оның жағасына тағы да 1 м биіктікте қабырға етіп қалаған. Үйдің шатыры
ортаға орналастырған тіреулерге қиғаштап бекітілген бөренелердің үстіне
төселген бұтақпен шөптермен жабылады. Үйдің ортасында ошақ, есік жақта
тұрмыстық заттар тұратын бөлік, төр жақта жатар орын орналасқан. Азық-түлік
сақтайтын қуыстар қабырғалардың бойынан қазылған. Еңбек құралдары мен
шаруашылық заттары тас, балшық, сүйек және ағаштан жасалған.
Ботайлықтардың мал өсiрумен қатар жер жыртып, егiн егумен айналысқандығы
туралы да мәліметтер бар. Қазбадан табылған тастан жасалған пышақ,
қанжарлар, найза, жебенiң ұштарымен қатар қодас, бұғы, қарақұйрық, киiк, аю,
қарсақ, қоян секiлдi т.б. аңдардың сүйектерi ботайлықтарда аңшылық кәсiптiң
де осал болмағандығын бiлдiредi. Ботайдың батыс нұсқасы – терсек мәдениеті
ескерткіштері: Қостанай мен Торғайда - Бестамақ, Тұздыкөл І, Ливановка,
Құмкешу, Қожай, Дүзбай 3, Көкшетауда – Қызылжар, Василковка 4 т.б.
қоныстары.
Жерлеу дәстүрінен тотемизм мен бабалар рухына табынушылық айқын
байқалады. Қайтыс болған туыстарын мекен ішіндегі ескі үйлерге жерлеген.
Жерленген кісіні қоршай шұңқырдың ішіне ондаған аттың бастарын қойған.
Кейде үйдің шығаберіс табалдырығының астына итті жерлеу ғұрпы кездеседі.
Ботай мәдениетi материалдарының кейбір белгілері Оңтүстік Уралдағы
сортанды тұрғындары мен Еділ маңындағы хвалын мәдениеті заттарына жақын.
Сондай-ақ Алтайдағы Афанасев, Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым
мәдениеттерi бұйымдарымен ұқсас.
Маңғыстау өңiрiнде энеолит дәуiрiне жататын: Шебер, Жыңғылды,
Қошқарата Қосқұдық қоныстары белгiлi. Маңғыстау өңірінде жүргізілген
зерттеулер нәтижесі энеолиттің басында мұнда жылжымалы бақташылықтың
қалыптаса бастағанын білдіреді.
Қазақстан жерiндегi энеолиттiк мәдениеттер ескерткiштерiнiң аз зерттелуiне
қарамай қолда бар материалдар негiзiнде сол дәуiрдегi тайпалардың қоғамдық–
экономикалық және материалдық мәдениетiнiң дамуында үлкен жетiстiктер
болды деп айта аламыз.
Энеолит дәуіріне жататын тағы бір жарқын ескерткіштер тобы Оңтүстік
Сібірдегі –
окунев
мәдениетіне жатады. Осы мәдениет Черновая VІІІ, Сыда,
Кіші Копен, Окунев ұлыс, Тас-Хазая, т.б. зиратардың материалдары,
мүсінтастар мен тасқа жазылған таңбалар арқылы зерттелген. Жерлеулері төрт
бұрышты тас қоршаулардан тұрады. Бір қоршаудың ішінде беті жалпақ таспен
жабылған бірнеше тас жәшік қабірлер орналасады. Мәйіттің аяғын бүгіп,
шалқасынан жатқызған. Жеке және еркек пен әйел бірге қойылған жерлеулер де
кездеседі. Жерлеу заттары керамикалық ыдыстар, олардың сырты мен түбіне
суреттер тырнап салынған. Сондай-ақ мыс пышақтар, біздер, ау тоқитын
инелер, сүйек сапты пышақтар, мүйізден жасалған гарпундар және
жануарлардың тісінен жасалған әшекейлер, әйелдер мен балалардың
қабірлерінде тастан жасалған, әйелдің басы мен жүзі қашалған жалпақ
сүйектер, ұсақ мүсіндер, басы құс, денесі адам кейпіндегі антопоморфты
мүсіндер, сырға ман шашбаулар міндетті түрде кездеседі. Жерлеулерден жиі
кездесетін мал сүйектері Окунев тұрғындарының қой, ірі қара, жылқы
өсіргендігін білдіреді. Олар төрт және екі аяқты арбаларда білген. Жабайы
аңдары мен балық аулау кәсібі де окунев тұрғындарына жат болмаған.
Бетіне суреттер салынған окуневтік бағантастар археологиялық тамаша
ескерткіштер саналады. Ол тастар окуневтықтардың дүниетанымы мен
танымдық санасы жайлы мол мағұлмат береді. Окуневтықтардың тегі жағынан
афанасев мәдениетімен ортақ байланысы жоқтығы анықталған. Олар аздаған
моңголтекті белгілері аралас антропологиялық түрге жатады. Дегенмен, кейбір
жекелеген жағдайларда олардың ыдыстары мен жерлеу ғұрпында өзара
ұқсастық та кездесіп қалады. Жергілікті неолиттік тайпалар негізінде
қалыптасқан окунев мәдениетінің Сібірдің орманды аймағындағы глазков,
Байкал маңындағы самусь, Батыс Сібірдегі ростовки және кротов
мәдениеттерімен ортақ жақтары бар. Осы мәдениеттер окуневпен бірге
протосамодтық ортаға жатады деген пікір де айтылады.
Еуразияның орманды дала аймағында энеолит дәуірінде аса маңызды
оқиғалар жүріп жатты. Осы аймақта өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы
жайлы материалдар мол жиналған. Қара теңіздің солтүстік аймағындағы
егіншіліктің ошақтарынан Донға дейінгі аралықта б.з.д. ІV мыңжылдықта
ортастогов энеолиттік мәдениеті қалыптасты. Бұл жерде Стог ІІ, Стрильча,
Скел, Константиновка қоныстары ашылып, зерттелген. Мәдениет орналасқан
жеріне қарай үш нысанға бөлінеді. Олар: днепрлік, осколо-донецкілік және
төменгідондық. Қоныстардан жердің бетіне, жерді кішкене қазып салынған
үйлер мен шаруашылық құрылыстарының, ошақтардың орындары ашылған.
Сүйек қалдықтары жылқы мен ұсақ малдардың және ірі қараның өсірілгендігін
көрсетеді. Жылқыны қолға үйрету сырттан енбеген, осы жерде қалыптасқан деп
айтылады. Диқан құралдарының өте сирек кездесуі мұнда егіншіліктің қосалқы
орын алғандығын аңғартады.
Жеке жер қабірлер мен тас табыттардан тұратын жеке және жұп
жерлеулерден тұратын зираттар белгілі. Мәйітті шалқасынан қос аяғын бүгіп
жатқызған. Мәдениеттің бірлігі қыш ыдыстарының, сүйек пен мүйізден
жасалған заттар мен әшекей бұйымдарының ұқсастығымен анықталады. Ұзын
тамақты, үшкір түпті құтылар, қызғалдақ тәріздес ыдыстары белгілі. Олардың
сыртқы жағына жергілікті неолиттік дәстүрдегі тарақ тәріздес құралмен тырнап
түсірілген және баулы өрнектер салынған.
Достарыңызбен бөлісу: |