МЕРЗІМДЕЛУ
Парсы одағының гүлденген дәуірі – б.з.д. VІ-V ғасырлар аралығы.
Кюзелигыр қалашығының негізі қаланған уақыт – б.з.д. VІ ғ.
Қойқырылған қала бекінісі б.з.д. ІV ғасырдағы классикалқ ескерткіші.
Топырақ-қала б.з.д. І ғасырда қаланған.
Қалалығыр қалашығы ахемениттік намесниктердің ордасы болған
уақыт -б.з.д.
Ү ғ. соңы мен ІV ғ. аралығы.
Ахеменидтер әулетінің Орта Азияда билік жүргізген дәуірі - б.з.д. V - ІV
ғасырлар аралығы.
Әдебиеттер
Беленицкий А.Н., Вентович И.Б., Большаков Л.Г. Средневековый город Средней Азии. – Л.,
1973.
Буряков Ю.Ф. Генезис и этапы развития городской культуры Ташкентского оазиса. – Т, 1982.
Григорьев Г.В. Келесская степь в археологическом отношении//Изв.ИИАЭ АН КазССР Алма-
Ата, 1948 сер.археол.
Древнейшие государства Кавказа и Средней Азии //Археол. СССР – М.,1985
История таджикского народа. – М.,1963-1964 – Т1-2.
Кошеленко Г.А. Культура Парфии. – М., 1966.
Пугаченкова Г.А. Искусство Туркменистана. – М., 1967.
Пугаченкова Г.А Дорогами тысячилетий. – М., 1989.
Пугаченкова Г.А. Шедевры Средней Азий. – Ташкент, 1986.
Пугаченкова Г.А. Древний Мерв. – Ашхабад, 1989.
Ежелгі славян археологиясы
Славяндардың тегі мен ертедегі тарихын зерттеу мен тарих, археология,
этнология және лингвистика секілді түрлі ғылымдардың мамандары
айналысуда. Славян қалықтарының қалыптасуы мен мәдени дамуы бірнеше
кезеңнен өткен. Ең алғашқысы – славяндыққа дейінгі кезең. Ол б.з.д. бірінші
мыңжылдықты қамтиды. Сол кезде Еуропаның орталығы мен шығысының
едәуір бөлігін өзара туысқан тайпалар мекендеген. Бұл кезеңді славян
тайпаларының қалыптасуының басы деуге болады.
Екінші кезеңді ежелгі славяндық дәуір деуге келеді. Б.з. бастапқы кезеңі
ежелгі славяндардың археологиялық мәдениеті қалыптаса бастаған тұс. Сол
тұстағы славян тайпалары туралы жанама мәліметтер жазба деректерден де
кездеседі. Халықтардың бір-бірін ығыстыра отырып, батысқа қарай қоныс
аударған аяқ алған осы тарихи кезеңде шығыс славяндар мәдениетінің
қалыптасу үдерісі жүріп жатты.
Слвян мәдениетінің қалыптасуының үшінші кезеңі феодалдық дәуірде жүрді.
Бұл кезең орталығы Киев болған ежелгі Славян мемлекетінің қалыптасуымен
байланысты. Жалпы славян халықтарының тарихы әлемдік өркениеттің бір
бөлігі саналады.
Ежелгі грек тарихшысы Герадоттың «тарих» атты кітабында скифтердің
солтүстігі мен шығысында егіншілікті кәсіп еткен бірнеше тайпалар жайлы
айтылады. Ал, б.з. басында өмір сүрген римдік тарихшы Тацит ежелгі
слаяндарды венеттер деп жазған. Византиялық авторлар сол венеттердің ұрпағы
анттар мен склавиндер деп көрсеткен. Дегенмен, бұл деректер анттар мен
венеттердің нақты мекені жайлы толық мәлімет бермейді. Осы тұста
археологиялық материалдар ерекше маңызға ие болады.
Археологиялық мәліметтер бойынша, б.з.д. ХІІ ғасырдағы Висла мен Одер
өзендерінің аралығында
лужицк
мәдениеті қалыптасқан. Сол мәдениеттің
ескерткіштері солтүстікте – Балтық теңізінен, оңтүстікте – Висла мен Дунайдың
жоғарғы ағысына, батыста – эльбаның ортаңғы ағысынан, шығыста – Буга мен
Припяттың жоғарғы ағысына дейінгі аралыққа таралды.
Б.з.д. І мыңжылдықта аумағы бірнеше гектарды алатын лужайскілік
қоныстар пайда болады. Олардың ішінде жақсы зерттелгені – Познань қаласына
жақын жердегі Бескупе көлінің маңында орналасқан кейінгі Лужицк қонысы.
Мұнда бөренелерден салынған құрылыстардың қалдықтары ылғалды топырақта
жатқандықтан жақсы сақталған. Мекен айнала үш қатардан тұратын қима
бөренелерден қаланған қорғаныс қабырғасымен қоршалған. Бөренелердің арасы
балшықпен толтырылған. Табанына бөренелер төселген қатар-қатар көшелер
мен оларды жағалай орналасқан ағаштан салынған үйлердің орындары
қазылған. Үйлер тігінен қағылған бөренелердің үстіне салынған. Бір үй бірнеше
жеке бөлмелерден тұрады. Қазбадан көптеген ыдыстар мен ағаш соқаның
қалдығы, мүйізден жасалған кетпен, темір орақтар тас дән үгіткіштер табылған.
Бескөпе қонысында арпа, бидай, ноқаттардың дәндері жиі кездеседі. Қоныстың
жерлеу ескерткіштері де жақсы белгілі. Өлген кісіні өртеп, күлін арнайы
құмыраға (сауыт) салып, бетін ыдыс сынықтарымен жапқаннан кейін қабірге
қойған. Қасына кейбір заттар да салынған. Осындай зираттарды «жерлеу
алаңы» немесе «жерлеу сауыттары алаңы» деп атаған. Осындай жерлеу дәстүрі
б.з.д. І мыңжылдықтың бірінші жартысында Шығыс Еуропаның көпшілік
тайпаларында кең таралған.
Скиф дәуірінде Днепрдің ортаңғы ағысы мен Буганың жоғарғы ағысы
аралығын жайлаған Чернолесск, Оңтүстік Беларуссия мен Днепрдің оң
жағалауына таралған милоград археологиялық мәдениеттері өкілдерінің ежелгі
славяндарға қатысы қаншалықты екендігі әлі анық емес. Бұл археологиялық
мәдениеттердің де шаруашылығының негізі егіншілік пен бақташылықтан
тұрды. Қоныстары мен жерлеу ескерткіштерінде жүргізілген қазба жұмыстары
оларда темір өндіру мен қол өнерінің жақсы дамығандығын көрсетеді.
Славяндардың этногензінде б.з.д. ІV ғасырда ерекше белес болып есептеледі.
Осы уақытта лужицк мәдениетінің түрлі топтарының негізінде Польша,
Беларуссия және Украинаның территориясында клешті жерлеу мәдениеті
қалыптасты (клеш – төңкерілген қоңырау ыдыс). Осы мәдениетке тән ерекшелік
– өлген кісіні өртеп, күлін жерлеу сауытына, яғни клешке салып жерлеу. Мұнда
жерлеу заттарының ішінде әшекей бұйымдары жиі кездеседі. Қоныстарының
сыртында ешқандай қорғаныс құрылыстары болмайды.
Б.з.д. ІІ ғ соңы мен б.з. ІV ғ. аралығында клешті мәдениетінің орнында
Пшевор мен Оксыв мәдени қауымдастықтары қалыптасты. Құрамына ежелгі
славяндар кірген венедтердің ескерткіштері соларға жатуы мүмкін.
Пшеварлықтардың қоныстары биік жерлерге орналасқан. Мәдениеттің
тұрғындары жертөлелер мен мазанкаларда (мазанка – қабырғасы жіңішке
ағаштардан тоқылып сырты балшықпен сыланған үйлер) тұрған. Негізгі
шаруашылығы – егіншілік пен бақташылық. Пшеварлық қоныстардың мәдени
қабатынан темірден жасалған орақтар, балталар, шоттар, түрендер және
көптеген жапсырма ыдыстар табылады. Ежелгі кельттер мен германик
тайпаларында да дәл осындай құралдар болған. Жерлеу дәстүрінде мәйітті
өртеу, сауытқа салып және сауытсыз жерлеу басым. Қабірлерге жапсырып
жасаған ыдыстар мен жерлеу салтына сай әдейі бүлдірілген, кесілген немесе
майыстырылған құралдар қойылады.
Б.з.д. І мыңжылдықта жоғарыда айтылған мәдениеттер ежелгі славяндардың
қалыптасқан территориясын шамалауға мүмкіндік береді.
Батыс Буганың жоғарғы сағасы мен Днепрдің ортаңғы ағысы аралығында,
яғни Оңтүстік Беларуссия мен Солтүстік Украина жерінде б.з.д. ІІ ғасырда
Достарыңызбен бөлісу: |