МЕРЗІМДЕЛУ
Урарту патшалығы б.з.д. ІХ – VІ ғасырлар.
Русы (Руса) І патшалық құрған уақыт б.з.д. 780 – 714 жж.
Русы ІІ патшалық құрған уақыт б.з.д. 685 – 645 жж.
Тейшебаини қамалы салынған уақыт б.з.д. 675-650 жж.
Әдебиеттер
Дьяконов И.М. Урартски письмоа и документы. – М.,1985.
Пиотровский Б.Б. Археология Закавказья. – Л., 1949.
Пиотровский Б.Б. Кармир – булур. – Л., 1970.
Пиотровский Б.Б. Ванское царство (Урарту). – М., 1959.
Мартиросян А.А. Город Тейшебаини. – Еревен, 1961.
Мартиросян А.А. Армения в эпоху бронзы и железы. – Ереван, 1964.
Мартиросян А.А. Аргиштихили. – Ереван., 1974.
Ходжаш С., Трухтанова Н., Оганисян К. Эребуни. - М., 1979.
Қара теңiздің солтүстiк жағалауларындағы антикалық қала мемлекеттер
археологиясы
Б.з.д. VII ғасырларда Қара теңiздiң солтүстiк жағалауларында ежелгi
гректердiң алғашқы сауда мекендерi қалыптасты. Олар алғашқыда таза сауда-
саттық сипаттағы уақытша факторилар болатын. Сондай факторилардың бiрiнің
орны Березань аралындағы Днестр-Буга қойнауында табылып, қазылды. Ол
мекенжайдан б.з.д. ҮII ғ. ыдыс сынықтары табылған. Осындай факторилар Керч
бұғазының жағалауларында да құрылды. Б.з.д. VI ғасырда сол факторилардың
орнында тұрақты қала тектес қоныстар қалыптасты. Алдыңғы Азия
қалаларынан келген гректер Днестрдiң қойнауында – Тиру, Буга мүйiсiнде –
Ольвия, Қырымда – Феодосия, Керчте – Пантикапей, Тиритака, Нифей және
Мирмекий қалалары пайда болды. Осындай бiрнеше қалалар Қара теңiздiң
Кавказ жағалауларында да бой түзедi. Ежелгi грек колониялары бiр-бiрiне
тәуелсiз дербес мемлекеттер едi. Олардың өз басқару жүйесi, өз соты мен заңы
болды. Өздерiнiң тәуелсiз iшкi және сыртқы саясатын жүргiзiп, өз теңгелерiн
соқты. Қара теңiздiң солтүстiк жағалауларындағы грек қалалары саяси,
экономикалық жағынын бiрiкпедi. Тек Керч жарты аралындағы Милеттен
шыққан көпестер салған Пантикапей, Фиадосия, Тиритака, Нифей және
Мирмекий қалалары б.э.д. 480 жылы Боспор патшалығына бiрiктi. 900 жылдай
өмiр сүрген мемлекетте монархиялық патшалық билiк үстемдiк еттi.
Археологтардың назарына алғаш iлiккен патшалықтың астанасы – Пантикапей
қаласы. Митридат тауының биiк қырқасында орналасқан қала қорғаныс
дуалдарымен қоршалған. Қаланың iшкi жағында орналасқан Акропль – жеке
бекiнiс. Пантикапейдiң сәулеткерлiк ғимараттары өзiнiң әсемдiгi мен құрылыс
өнерi деңгейiнiң жоғарылығымен ерекшеленедi. Үйлердiң қабырғалары мұқият
қашалған әк тастардан қаланып, сырты балшықтан құйылған жұқа қыштармен
қапталған. Әрбiр үй iшiнде ауласы бар тұйық қабырғалармен қоршалған. Жеке
қоймалардан тұратын шаруашылық аудандарының болғандығы анықталған.
Астық саудасы Пантикапей мен Боспордың аса маңызды кәсiптерінің бірі
болған.
Боспордан жiберiлетiн дән Грецияға әкелiнетiн астықтың басым бөлiгiн
құрады. Б.з.д. IV ғасырдағы теңгенiң бетiнде бидайдың сабағы салынуы осыдан
болса керек. Боспордың басқа қалалары да жақсы зерттелген. Қазбадан сұйық
және төгiлетiн заттарды сақтауға және оларды тасымалдауға арналған үлкен
амфорлар мен пифастар көп табылған. Астықпен қатар құл саудасы, шарап
жасау iсi, балық аулаудың да маңызды рөль атқарғандығын көрсететiн
материалдар жеткiлiктi. Мысалы, Фанагорияда жүргiзiлген қазбадан б.з.д. V
ғасырда сүйық және төгiлетiн заттарды сақтау мен тасымалдауға қолданған
анфоралар қойылған қойма ашылды. Ал, Мирмекий мен Тиритакадан шарап
жасаған орындар табылды. Гректердiң барлық ыдыстары иiнi қанғанша иленген
таза сары балшықтан шарық қондырғысында (круг) жасалып, сапалы
күйдiрiлген. Сыртқы бітімі жағынан алуан түрлі. Едәуір көп таралған жоғарғы
жағы кең келіп, тамақ жағы тар келетін, бір метр биіктіктегі, тігінен екі тұтқасы
бар, түбі доғал келетін амфоралар. Амфоралар астық, май, шарап секілді түрлі
азықтарды тасымалдауға арналған. Ішіне үш шелекке дейін сұйық кететін
осындай ыдыстар кемелердің сыймдылық өлшем бірлігі болған. Амфоралардың
тұтқасына ыдыс жасалған қаланың таңбасы басылған.
Салтанатты
амфоралардың түбі тегіс келген және сырты өрнектелген.
Кең таралған тағы бір ыдыс түрі пифас деп аталған. Пифастар – ішіне ересек
адам еркін сиып кететін, үлкен, азық сақтауға арналған ыдыстар. Осындай алып
ыдыстарды арнайы шарықта бөлек-бөлек дайындаған. Көбнесе, кішкене
ыдыстарды безендірген. Безендірілген ыдыстардың ішінде көп таралғандары
шарапты сумен арластыруға арналған кратерлер. Килик - көлденеңінен
орналасқан екі тұтқалы, аяғы биік, тайпақ табақша. Киликтердің әдетте іш жағы
безендірілген. Б.з.д. VІ – ІІ ғасырларда өрнек салу үшін вулкандық (жанартау)
жолмен алынған деп есептелетін қара сыр (лак) пайдаланылған. Сырты
өрнектелген ыдыстар екi рет - өрнек салғанға және салғаннан кейiн күйдiрiлген.
Өрнектердiң жиi кездесетiн тақырыбы құдайлардың өмiрiнен көрiнiстер. Едәуiр
көне ыдыстар б.з.д. VI – IV ғасырларға жатады. Олар қаре сырлы ыдыстар деп
аталып кеткен. Ыдыстардың олай аталу себебi, олар сыртынан өрнек
салынғаннан кейiн қара сырмен боялған. Екi мың жылдан астам уақыт жер
астында жатқан осындай ыдыстар әсемдiгi мен өңiн жоғалтпаған. Ыдыстарды
бояған сырдың химиялық құрамы бұл күнде анықталғанмен, дәл сол кездегідей
жасау мүмкіндігі болмай келеді. Б.з.д. VІ ғасырда ыдыс сыртын әшекейлеудің
қара денелі аталған нақышы кең таралды. Онда адамның дене бітімі ыдыстың
сыртына қара түспен бейнеленіп, көзі, мұрны мен еріндері секілді жекелеген
белгілері тырнап салынады. Осындай нақыштың қарама-қарсы бағытта өзгеруі
б.з.д. VІ - ІV ғасырлар аралығында таралды. Онда ыдыстың сырты тұтастай
қара лакпен боялып, өрнектер мен адам денелері ыдыстың табиғи түсiн сақтады,
яғни күлгін немесе қызғылт түсті. Қызғылт денелі деген нақыш түрі осыдан
шығады. Тек адамның мүшесi анық көрiну үшiн оның бұлшық етi, қимылы
елеусiз ғана боялған. Ыдыстарды өрнектеуде бояуда ақ, сары және көк
сырларды қолдану б.з.д. III ғасырлардан бастап таралды. Боспор патшалығында
алтын, күмiс, мыс секiлдi асыл металдардан әлемде теңдесi жоқ асыл бұйымдар
мен әшекей заттар жасаған зергерлiк кәсiп жоғары дамыған. Антикалық
зираттар мен Скиф қорғандарынан табылған алтын, күмiстен жасалған әсем
ыдыстар, бұйымдар ежелгi Грекияның өзiнде де кездеспейдi. Қол өнерi мен
ауылшаруашылық өндiрiстерi саудамен тығыз байланысты дамыды. Қол өнерi
бұйымдары жергiлiктi тұрғындарға сатылса, Грекияға астық және тұздалған
балық шығарылды. Боспордың алғашқы теңгелерi б.з.д. IV ғасырларда пайда
болды. Б.з.д. II ғасырда Скифтен шыққан Савмак құл бастаған көтерiлiстiң
салдарынан Боспор патшалығы Понтий державасының құрамына кiрдi. Осыдан
бастап Грек ақ сүйектері жергілікті сармат және меот тайпаларының
ақсүйектерімен сіңісіп кетеді. Оны біз сол кезде қалыптасқан грек-сармат
жерлеу ғұрыптарынан байқаймыз. Боспор билеушілерінің бірі жерленген
қабірге сарматтардың ұзын семсері мен бай безендірілген атәбзелдерінің күміс
және шыны ыдыстардың бірге қойылуы – осының куәсі. Билеушілердің тағы
біреуі жерленген қабірден Константин ІІ бейнеленіп, астына латынша 343 ж.
деп жазылған күміс саптаяқ табылған. Бұл Боспор патшалығының соңғы
онжылдығы болатын.
Ольвия
Ольвия қаласы б.з.д. VІ ғасырда Буга өзенінің жағасындағы қойнауда
қалыптасты. Биік жотаның басына орналасқан қала жоғарғы және төменгі
деңгейлерден тұрды. Археологиялық қазба кезінде жоғарғы деңгейде
орналасқан көптеген тұрғын үйлер мен қол өнері шеберханалары ашылған.
Қазба жұмыстары қаланың б.з.д. ІV ғасырда едәуір кеңейгендігін көрсетеді.
Қаланы қоршаған мұнаралы қорғаныс қабырғаларының солтүстік бөлігінде
басты қақпа орналасқан. Қаланың ортасында храм мен мәрмәр тасқа ойып
жазылған декрет ілінетін тұғыр және базар алаңы орналасқан. Осы маңдағы
грек театырының да орны ашылған. Қазба барысында астық сақтайтын
арнайы қоймалар Ольвидің скифтермен негізгі саудасы астық болғандығын
білдіреді. Милет, Родос және Самос аралдарымен тығыз сауда қатынаста
болған. Үлкен құрлықтағы қалалардың ішінде Ольвимен Коринф қаласы тығыз
сауда жасаған. Ольвиліктердің б.з.д. V ғасырларда Аттикамен де тауар
алмасқандығын қазба материалдары көрсетеді. Грек қалаларынан қыш
ыдыстармен бірге шарап, май, мата және басқа да қол өнері туындылары
секілді заттар әкелінсе, грек қалаларына астық, мал, балық және құлдар
шығарылды. Ольвиден Грекияның қалалары мен Қара теңіздің жағалауындағы
Геракли, Херсонеспен тығыз сауда қатынастарын баяндайтын тас тақта
табылған.
Б.з.д. VІ ғасырда Ольвия ірі қолөнер орталығына айналды. Әсіресе, металл
өндіру мен ыдыс жасау кәсібі жоғары дамыды. Ольвиде жасалған қарулар мен
әшекей бұйымдары аса бағаланды. Көптеген әшекей заттары скиф
ақсүйектерінің тапсырысымен жасалды. Қазба кезінде ыдыс және қол өнері
шеберханаларымен
қатар
орташа
көлемдегі
кемелерді
жөндейтін
ұстаханалардың орындары да ашылған. Қалаға б.з.д. ІV ғасырда А.
Македонский әскерлері, б.з.д. ІІІ ғасырда көрші скифтер мен батысқа қарай
жылжыған сарматтар тарапынан жиі қауіп төніп тұрды. Қаланың амандығына
мүдделі ірі құлиеленушілер мен қаланың қалталы тұрғындары қорғаныс
сыртқы қорғаныс құрылыстарын салдыруға өздерінің жеке қазынасынан қаржы
бөлгені жазылған деректер табылған. Сондықтан да Ольвии саяси-
экономикалық жағынан қала ақсүйектерге тәуелді еді. Б.з.д. ІІ ғасырда
Ольвиде скиф патшасы Скилурдың бейнесі салынған теңгелердің таралуы
қаланың скиф мемлекетіне тәуелділігімен түсіндіріледі. Кейіннен қаланы
жаулап алған фракиялық гот тайпасы оны аяусыз тонады. Осындай ұрыстардың
және ауыр жағдайға төзбей қоныс аударған саудагерлердің есебінен қала
тұрғындарының саны кеміп, қаланың көпшілік бөлігі қирап, бос қалды.
Дегенмен, археологиялық қазба материалдары қаланың бірсыпыра бөлігінің
біздің заманымыздың бірінші ғасырына дейін тіршілігін жалғастырғанын
көрсетеді. Бұл тұста Ольвидің негізгі тұрғындары гректермен сауда байланысын
жасауға ықыласты скиф тайпалары болды.
Достарыңызбен бөлісу: |