қосып, негізгі таспаның жіңішкелігіне дейін созады. Жіптің жіңішкелігі
бойынша біркелкілігі таспаның біркелкілігіне байланысты болады,
сондықтан таспаны созу үрдісін 2-3 рет қайталайды.
Созба жасау. Таспалық машинадан алынған біртегістелген таспа жуан
болады, ал жіп алу үшін оны жіңішкелету қажет. Созбалық ма- шиналарда
созу қондырғысының көмегімен жіңішкелетіп, арнайы жәй ширату және
орау механизмдері арқылы созба дайындалады.
Таспа 6-30 есе созылады. Иірілетін жіптің жіңішкелігіне байланы- сты
таспа 1 - 3 созба машинадан өтеді. Соңғы операцияда таспа жіптің сызықтық
тығыздығына қарай керекті жіңішкелікке дейін созылады.
61
Жіп иіру.
Созбаны берілген жіптің сызықтық тығыздығына сәйкес
көрсеткішке дейін жіңішкелетіп, жіпке ширатып, арнайы собыққа (қағаз
патрон) орайды.
Жіп иіру арнайы иіру машинасында орындалады. Созба сақинаға
кигізілген жүгірткіштің көмегімен ширатылып, бірден айналып тұратын
собыққа оралады. Собық ұршыққа нығыз орнатылған. Сондықтан мұндай
тәсіл ұршықты немесе сақиналы жіп иіру тәсілі деп аталады.
Иіруге қолданылатын талшық түріне байланысты сақиналы тәсіл
бірнеше түрлі болады.
Мақта
жібі тарақты, кардты және аппараттық жіп иіру жүйесі бой-
ынша алынады.
Тарақты
жүйе бойынша ұзын және орташа талшықты мақтадан орташа
және жіңішке - 15,4 тен 5,8 текске дейін - мақта және аралас жіп иіріледі.
Бұл тәсіл бойынша кардалы және тарақты тарау қолданылады, сондықтан
жіңішке, біртегіс, біркелкі және берік жіп алынады, мұндай жіп жұқа,
жоғары сапалы мата үшін қолданылады.
Кардалы
тәсіл_бойынша орташа және ұзын матадан таза, химиялық
талшықтармен араласқан түрінде сызықтық тығыздығы 83,3-11,8 текс- ке
дейін жіп иіріледі және әртүрлі маталар үшін негізгі шикізат болып
табылады.
Аппараттық
тәсіл бойынша жіп қысқа талшықты мақтадан және жіп
иіру өндірісінің қалдықтарынан иіріледі. Бұл тәсіл бойынша та- рау
машинасында алынған холстик арнайы қондырғының көмегімен бөлек
жолақтарға бөлініп, созбаға жиырылып жіп иіру машинасына түседі.
Аппараттық жіп жуан (50-250 текс), бос, үлпілдек, жуандығы бойынша
біркелкі емес. Аппараттық жіп кардалық жіппен бірге аз қолданылады.
Зығыр талшықтардан
құрғақ және ылғалды жіп иіру жүйесі бой- ынша
зығыр және таралған зығырдан жіп иіріледі.
Жүн
жібін_аппараттық және тарақты тәсіл бойынша жүн және оның
мақта немесе химиялық талшықпен аралас түрінде иіреді.
Аппараттық
(шұғалық) тәсілмен қысқа жүн талшық өндіріледі:
қопсыту, білікті карданың тарау машинасында 2-3 өтумен тарайды, алынған
созба жіп иіру машинасына түседі.
Апаратты жіп - жоғары үлпілдек, жуан: жұқа шұғалық (жіңішке,
жартылай жіңішке жартылай дөрекі жүннен) - 62,5 -167 текске дейін, дөрекі
шұға жіптер (дөрекі жүннен) -143 тен 500 текске дейін, ауыр костюмдік
және пальтолық маталар үшін қолданылады.
Тарақты
(камволь) жіп иіру жүйесі бойынша жіпті жүннің ұзын
талшығынан (55-200 мм) иіреді. Тарау аппаратында таспа біртегістеп
таралынады. Тарақты таспа (текс) жіңішкелігі бойынша тағыда
біртегістелініп, жіңішкелетіп жіп иіру машинасына жіберіледі.Тарақты жіп
біртегіс, біркелкі Т- 55,6 - 14,3 текс, жұқа көйлектік, костюмдік және
пальтолық материалдар үшін қолданылады.
62
Жібек жібі табиғи жібектен 3 тәсіл бойынша алынады. Дайындалған
Достарыңызбен бөлісу: |