екіншісіне тақ жіптері енгізіледі. Егер тоқу станогында бір ремизка көтеріліп, екіншісі төмен түссе, негіз жіптерінің бәрі жылжиды және қайық өтетін күзу ашы- лады. Жайманың айқаспасын тоқу үшін ремизкалардың көтеріліп түсуі эксцентриктік күзу ашылу механизмімен орындалады. Ол механизмнің өзі аяқ тұрғызғыштан (12) және эксцентриктен (13) тұрады. 71
Сурет 3.2 - Қайықты тоқу станогының сұлбасы Күрделі айқаспаларды тоқығанда көп ремизкалар керек немесе жаккард машиналары қолданылады. Күзуге арқаужіпті салу үшін қайық (6) іске қосылады, қайықта арқау жіп оралған шөлмек бекітілген. Шөлмек станоктың әрбір жұмыс циклінде бір шөлмекті қораптан екіншісіне күзу арқылы батанның брусы бойынша сүңгіп кетіп, арқау жіпті өткізеді.