1.2. ТАБИҒИ ТАЛШЫҚТАР 1.2.1. Өсімдік текті талшықтар Мақта. Мақта талшығын алуға арналған тұқымында ұзындығы 1-50 мм жіңішке талшықтар өсетін, бір жылдық бұталы өсімдік. Мақта өсімдігінің негізгі екі түрі кең тараған: орташа талшықты, орташа ұзындық беретін (25- 35 мм), жіңішке талшықты талшығының ұзындығы 35-50 мм. Мақта өсімдігінің өсіп өнетін кезеңі мақтаның селекциялық сортына және оның өсетін аймағына байланысты 90-180 күн аралығында тербеледі. Тұқымдардың еккеннен кейін екі айдан соң өсімдік 150 см биіктікке дейін көтеріледі де, оның жапырақтары пай- да болып гүлденуі басталады. Гүлдердің ішінде талшықпен жабылған тұқымы бар, қауашақ пайда болады. Мақта пісіп жетілген кезде қауашақ жарылады және талшықтар сыртқа шығады. 1.1-суретте мақтаның жапырақтары көрсетілген.