инелермен тесу арқылы жоғары қабаттағы төменге қарай енгізіп жайғақты бекітеді. Киіз бастыру тәсілімен беймата жүн немесе құрамында жүн ба- сым болатын жайғақты арнайы ортада және жағдайды механикалық әсер ету әдісімен жасайды. Жүн талшықтарының бір бірімен ілінісу нәтижесінде жайғақ киізденеді. Физика-химиялық тәсілмен бейматаны жайғактарды сұйық байланыстырғыш заттар (желімдер) арқылы біріктіру немесе ыстық пен әсер ету әдісімен (престеу) жасайды. Аралас тәсілге жоғарыда аталған тәсілдердің екі немесе одан көбін қолдану арқылы алу жатады. 93
3.4.1. Іліп тоқыла тігілген жайма өндіру Іліп тоқыла тігілген жайманы толтырғыш ретінде талшықты жайғақ,