4-БӨЛІМ ТОҚЫМА МАТЕРИАЛДАРДЫ ӨҢДЕУ Тоқыма станогынан түсірілген матаны сұр немесе өңделмеген мата деп атайды. Оның құрамында әртүрлі табиғи серіктес заттар, кір және қосымша қоспалар болады, сырт түрі өңсіз болып келеді және тігін бұйымдарын өндіруге жарамсыз болады. Сондықтан сұр матаны өңдеу қажет. Маталарды өңдеу - олардың сапасын жақсарту, тауарлық түр беру, тігін өндірісінде пішуге дайындау, қыртыстанбағыш, суға төзімділік қасиеттерді қамтамасыз ету үшін жүргізілетін көптеген химиялық, физика-механикалық операциялардың жиынтығынан тұратын технологиялық процесс. Маталарды өңдеу процессі төрт кезеңнен тұрады матаны тазарту және дайындау, бояу, сурет басу, соңғы өндеу. Әрбір кезең өз алдына бірқатар физика-механикалық және химиялық