д Сурет 3.27 - Сіңдірілген жіптердің жайғақ престеумен беймата жаймасын шығаруға арналған машинаның сұлбасы (а) және жайманың көлденең қимасы (б). Жіптерді 2,5 сұйық байланыстырғышпен науаларда 3,4 сіңдіреді, олар талшықты жайғақпен (1) қосылады. 3.27 б - суретте жайғақ (1) берік байланыстармен екі жақтан 2 және 5 бекітілген. Жіптер байланыстырғышпен сіңдірілгендіктен, байланыстырғыш келесі өңдеу процессінде жайғақтың тереңіне өтіп олардағы талшықтарды желімдейді. Құрғақ тәсілде жайғаққа салынатын тез балқитын түрде талшықтар, қабыршықтар, ұнтақтар, жіптер жүйесі қолданылады. Құрылым элементтерін бекіту бәрінен жиі ыстық престеу тәсілімен орындалады, яғни талшықты жайғақты немесе жіптер, жүйесін каландрлеу біліктері арқылы