қатаң қадағалау қажет. Зығыр маталар көбіне біршама ағартылған жіптерден шығарылады. Осылардың бәрі зығыр маталарын өңдеу технологиясын жасағанда ескеріледі. Зығыр маталарын тазарту және дайындау технологиялық процессі келесі сұлба бойынша орындалады: отпен шарпу; шлихтасыздандыру; қайнату; ағарту. Шлихтасыздандыру матаны жылы суға салып, одан кейін 10 - 12 сағатқа қалдыру арқылы орындалады. Қайнату әдетте екі рет қайталанады. Жүн маталарды өңдеу. Шұғалық маталарды дайындау мәуіті ма- таларды дайындаудан біршама өзгешелеу болады.Сондықтан шұғалық және мәуіті маталарды дайындау технологиялық процесстердің ерекшеліктерін білу қажет. Отпен шарпу тек қана мәуіті маталарға жүргізіледі. Әдетте, ол газ жалынымен шарпыйтын машиналарда орындалады. Жуу. Жуу шұғалық және мәуіті маталар құрамынан майлы зат- тарды,