5.2. МАТАЛАРДЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Тоқыма жаймаларының негізгі механикалық қасиеттері жартылай
циклді, бірциклді және көпциклді сипатаммалар болып бөлінеді. Жіптердің
механикалық сипаттамаларына қарағанда матаның, трикотаждың аталған
сипаттамалары екі бағытта, яғни екі өсі бойынша анықталынады. Созу
деформациясын зерделеу матаның құрылымдық ерекшеліктерін ескере
отырып жүргізіледі, себебі матаның өрімі, тығыздығы жеке құрылымдық
сипатаммалары оның беріктігіне әсерін тигізеді.
5.2.1.
Тоқыма материалдардың бір циклды
үзілетін сипаттамалары
Тоқыма бұйымдар сыртқы күш әсерінен үзілетін толық бір
цикл бойынша «жүктеу - жүктен босату - демалдыру» сынағында
олардың созу деформациясына төзімділігін бір циклді сипаттамалар-
мен анықтайды. Тоқыма бұйымының құрамындағы талшықтар мен
жіптердің бойындағы деформациялық өзгерістер релаксациондық про-
цестермен сипатталынады.
Киімге қолданатын маталарға жүктеме азырақ әсер етеді. Тігін
бұйымдарын дайындауда үзу күшіне 1-2% және киімді кию кезінде
5-
15% үзу жүктемесі әсер етеді. Жүктеме және жүктен босату дема-
лыспен кезектесе отырып әсер еткенде материалдардың құрылымы
бұзылып, әлсірейді және тігін бұйымдарының сыртқы көрінісін нашар-
латады. Тоқыма материалдарының бір циклді сипаттамалар ерекшелігі
жақсы сипатталған релаксационды процесс және деформация кезіндегі
көрінісі болып табылады. Бұл ерекшелік көбінесе материалдың
өлшемдері мен пішіндерінің тұрақтылығы және тігін бұйымдарының
сапасын анықтайды.
Тігін бұйымдарын дайындау мен пайдалану процестері, жүктеме
релаксациясының сипаттамаларына зор мағына береді. Бұл материал-
дың құрылысындағы өзгерістер тігін бұйымдарындағы деформация-
дан кейінгі бөлшектердің өлшемі мен пішін ұстамдылығын анық-
тайды.
Достарыңызбен бөлісу: