Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


-БӨЛІМ  ТОҚЫМА МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет199/417
Дата06.01.2022
өлшемі6,36 Mb.
#13660
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   417
5-БӨЛІМ 
ТОҚЫМА МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ 
5.1.  ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ 
Геометриялық  қасиет  деп  материалдардың  қалыңдығын,  енін, 
ұзындығын  және  салмағын  сипаттайтын  тоқыма  материалдарының 
қасиеттерін  айтады.  Геометриялық  қасиет  олар  белгілі  бұйымға  арналған 
материалды  таңдауды,  тігін  өндірісінің  кейбір  үдерісінде  материалдың 
бағытын, сонымен қатар киімнің эксплуатациялы үдерісінде пайда болатын, 
эксплаутациялық  көрсеткіштердің  қатарын  анықтайтын  болғандықтан  тігін 
өндірісі үшін маңызы зор.
 
Қалыңдық  -  қалыңдық  өлшейтін  құралда  белгілі  қысымда  өлшенген, 
тоқыма  материалының  өң  бет  жағы  мен  теріс  жағының  арақашықтығы. 
Қалыңдықты анықтау үшін материал үлгісі 1 және 2 қос куыс бұрғылардың 
арасына  орналастырылады.  Жоғарғы  қуыс  бұрғы  қозғалмалы  және 
материалдың  қалыңдығын  4  шкалада  көрсететін,  3  тілшемен  байланысқан. 
Тоқыма  материалының  қалыңдығын  анықтайтын  құрал  5.1  суретте 
көрсетілген.
 
Тоқыма  материалының  қалыңдығы  тұрақты  көлемде  болмайды  және 
тігін  өндірісінде  материалды  өңдеу  мен  әрлеу  ерекшеліктерімен,  киісте 
релаксациялық  үдерістің  көрсетілуімен,  сондай-ақ  өлшенген  кездегі 
қысыммен  байланысты.  Тоқыма  материалының  қысымын  өлшеген  кезде 
сыналушы  материалға  10  гс/см
2
  қысым  беру  қабылданған.  Бұл  қалыңдық 
көрсеткіштері  бойынша  әртүрлі  материал-  дарды  салыстыруға  мүмкіндік 
береді.  Тоқыма  материалдарың  жеке  аймақтарында  қалыңдықтың  әртүрлі 
болатындығын ескеру қажет.
 
Осындай  қалыңдық  бойынша  едәуір  біркелкісіздікпен  бейматалық 
материалдар 
ерекшеленді, 
оның 
себебін 
талшықтық 
жайғақты 
қалыптастырудағы кемшілігімен түсіндіреді.
 
Материалдың  қалыңдығы  оның  киімге  сәйкес  тағайындалуын 
анықтайды:  яғни,  жұқалау  материалдар  ішкиімдік  және  көйлектік 
бұйымдарда,  орташа  -  костюмдік,  ал  қалыңырақ  -  пальтолық  және  басқа 
сырт  киімдерде  қолданылады.  Әртүрлі  тоқыма  материалдарының 
қалыңдығының сипаттамасы 5.1 кестеде көрсетілген.
 
Тоқыма материалдарының қалыңдығы олардың күлтеленуі, қаттылығы, 
ауа  өткізгіштігі,  тозуға  төзімділігі,  жылылықты  өткізбеушілікті,  сонымен 
қатар,  бұйымға  арналған  материалдарды  таңдаумен  және  оның 
эксплуатациялық  сапасымен  байланысты  басқа  да  қасиеттерінен  тәуелді. 
Бұдан  басқа,  тоқыма  материалдарының  қалыңдығы  киімді  дайындаудың 
технологиялық параметрлерінің
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   417




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет