Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


-БӨЛІМ  МАТАЛАР, ТОҚЫМА ЖӘНЕ БЕЙМАТАЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет215/417
Дата06.01.2022
өлшемі6,36 Mb.
#13660
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   417
6-БӨЛІМ 
МАТАЛАР, ТОҚЫМА ЖӘНЕ БЕЙМАТАЛАРДЫҢ 
АССОРТИМЕНТІ 
6.1 АССОРТИМЕНТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ 
Тоқыма  маталардың  ассортименті 
деп  -  олардың  жинақталуы  және 
белгілі бір белгілері бойынша таңдау. Тоқыма материалдарды таңдауды іске 
асыратын  алғашқы  белгілері,  оларды  өндіру  тәсілі  болып  табылады. 
Материалдар осы белгісі бойынша қарай 3 түрге бөлінеді:  маталар, тоқыма 
және бейматалар.
 
Тоқыма маталардың әрбір түрі өндіріс тәсілі бойынша бөлінеді, мысалы, 
көлденең  және  негізінен  тоқылған,  бейматалар,  тоқыма-  тігін  материалдар, 
желімделген, 
ине 
кіретін 
материалдар. 
Тоқыма 
материалдардың 
ассортиментін ажырататын негізгі белгілері, маталардың талшықты қүрамы 
болып  табылады.  Талшықты  қүрамы  бойынша  материалдар  мақта-мата, 
зығыр,  жүн  және  жібек  болып  бөлінеді.  Бүл  материалдардың  әрқайсысы 
талшықтың  бір  түрінен  түратын,  біртекті  немесе  қүрамында  шығу  тегі 
бойынша  әр  түрлі  талшықтардан  түратын  біртексіз  болып  өзара  бөлінеді. 
Мақта-мата  материалдарына  мақта  және  мақтаның  химиялық  талшықтары 
мен  жіптердің  қосылысынан  түратын  бейматалық  материалдар,  зығыр 
материалдарға  -  таза  зығыр  және  жартылай  зығыр  маталар,  жүн 
материалдарға  -  таза  жүнді  және  жартылай  жүнді  маталар,  ал  жібек 
материалдарға таза жібек және жартылай жібек маталар жатады.
 
Әр түрлі материалдарды ассортиментке жинау түрлі белгілері бойынша 
іске  асырылады.  Маталарды  ассортиментке  өңдеу  тәсілі,  қолданысы  және 
жалпы ассортименттегі матаның белгілі бір түрінің үлесті салмағы бойынша 
таңдалады,  тоқыма  төсемелер  мен  беймата  материалдар  қолданысы 
бойынша таңдалады.
 
Сонымен  қатар,  тоқыма  маталар  топтарға  және  топшаларға  бөлінеді, 
топтардың  әрқайсысына  материалдардың  жеке  түрі  немесе  артикулда-  ры 
қосылады.  Материалдардың  артикулы  дегеніміз  -  материалдардың  белгілі 
бір  техникалық  сипаты  болып  табылатын  жалпы  санды  түрде  матаның 
шартты  белгіленуі.  Материалдардың  әр  артикулына  мате-  риал 
қанағаттандыратын стандарт-тармен немесе техникалық шарт- тармен түрлі 
нормалық  көрсеткіштер  қойылады.  Бүл  көрсеткіштерге  матаның  ені,  1  м
2
 
матаның  салмағы,  жіптердің  негізі  және  арқау  бой-  ынша  тығыздығы, 
трикотаждың  көлденең  және  бойлық  бағыттағы  тығыздығы,  тоқыма-тігу 
беймата  материалдарының  тығыздығы,  жіптердің  сызықтық  тығыздығы, 
түрлі талшықтардың пайыздық
 
144 


құрамы  және  материалдардың  түрлерінен  тәуелді  кейбір  басқа  да 
көрсеткіштер.  Егер  осы  көрсеткіштердің  біреуін  өзгертсе,  артикул  де 
өзгереді, мысалы, құрылымы бір мата екі ендік болып өндірілсе, онда әр енді 
маталар үшін жеке артикул қойылады.
 
Жоғарыда аталған маталардың әрбірі төрт, бес, алты санмен белгіленеді, 
бастапқы  бірінші  немесе  алғашқы  екі  сан  (зығыр  ма-  таларда)  сауда 
прейскуранты  бойынша  материал  тобының  нөмірін  белгілейді,  зығыр 
матадағы екінші немесе үшінші сан - маталардың топшаларының нөмірі, ал 
қалған сандары - топшалардағы маталардың реттік нөмірлері.
 
Артикуляцияның мұндай жүйесі матаның белгілі бір тобының белгілері 
мен  артикуляция  жүйесін  білген  жағдайда,  тез  әрі  нақты  түрде  матаны 
сипаттауға мүмкіндік жасайды.
 
Ассортиментті  сипаттағанда  оның  тоқтаусыз  кеңеюін  және  жаңаруын 
ескеру қажет.
 
Маталардың,  трикотаждың,  беймата  материалдардың  ассортименттері 
тоқыма  материалдардың,  жоғары  көлемді  жіптер  мен  тоқымалардың,  көп 
компенентті  қоспаларды  қолданудың,  жаңа  тоқыма,  әрлеу  тәсілдерінің,  әр 
түрлі айқаспалы материалдарды өндіруді қолданғанда сәйкес кеңейеді.
 
6.2.  АССОРТИМЕНТТІҢ ЖІКТЕЛУІ 
Тұрмыстық  жағдайда  қолданылатын  тоқыма  материалдар  ассортименті 
материалдардың түрі, өңделуі және қолданысы жөнінде анық түсінік беретін 
белгілері  қатарымен  жіктеледі.  Қарастырылатын  тоқыма  маталардың 
әрқайсысы (трикотаж маталар және бейматалар) ал- дымен талшық құрамы 
бойынша  жіктеледі.  Талшық  құрамынан  тәуелді  материалдар  төрт  түрге 
бөлінеді:  мақта-мата,  зығыр,  жібек  және  жүн.  Олар  біртекті  және  біртекті 
емес  болуы  мүмкін.  Бірінші  жағдайда  мата  құрылымында  талшықтың  бір 
түрі  ғана  болады,  ал  егер  бұл  беймата  немесе  желімделетін  материалдар 
болса, 
байланыстырушы 
табиғаты 
қарастырылмайды. 
Біртексіз 
материалдардың  құрылымында  әр  түрлі  талшықтардың  қоспасынан,  түрлі 
талшықтардан  тұратын  жіптер  мен  тоқымалардан  тұрады.  Құрылымында 
тоқылу  алдында  аралас,  қосылған  немесе  талшықты  кенепте  әр  түрлі 
талшықтар  қоспасы  бар  материал-  дарды  аралас  деп  атайды.  Бұл 
материалдарды  аса  бағалы  компоненті  бойынша  немесе  оларды  өндіретін 
өнеркәсіп саласы бойынша атайды, бірақ көп жағдайда олар жартылай деген 
сөзбен  тіркеседі  (мысалы,  жартылай  жібек  маталар,  жартылай  жүнді 
трикотаж).  Мақтаның  басқа  талшықтар  қоспасымен  алынған  мақтақағазды 
материалдарды  әдетте,  вискозалы  штапельді  талшықты  мақта-мата, 
вискозалы  жібекті  мақта-  мата,  синтетикалық  штапельді  талшықты  мақта-
мата деп атайды.
 
145 
10-6313 


Мата  ассортименті  шикізат  құрамы,  әрлеу  түрі  және  құрылымы  бой- 
ынша  әр  түрлі  болады.  Олардың  қолданысы  да  әр  түрлі.  Осы  белгілері 
бойынша маталарды топтайды: белгілерінің бірі бойынша топтарға (мысалы, 
қолданысы  бойынша),  содан  кейін  келесі  белгілері  бойынша  топшаларға 
(шикізат құрамы бойынша), одан әрі - түрлерге бөлінеді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   417




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет