тегіс маталардың ассортиментіне негізінде жібек-шикізатты, ал арқауында аз ширатпа- лы жібі бар, фулярлар, туалар және басқа маталар жатады. Олардың бәрі үлкен жүмсақтығымен ерекшеленеді, 1 м 2 матаның салмағы 33- 70 г дейін ауытқиды, ал ені - 100 см шекте болады. Маталар өңделуі бойынша тегісбоялған, баспа суретті және ала шүбарлы болуы мүмкін, олар әйелдер көйлегін, костюмін, жейдесін, блузкасын, ерлер жейдесін дайындау үшін қолданылады. Жаккардты топша ширатпалы жібектен және жібек иірімжібінен жасалған жаккардты өрімді мата ассортиментінен түрады. Бүл тегісбоялған маталар моңғолдық мата белбеуі мен штофтардың ерекше белгісі, бірінші жағдайда ені 60 см, екінші жағдайда 110 см. Штофтар кейде астарлық және көйлектік маталар ретінде қолданылады. Түктік топшалар материалдың бір түрі - барқытпен көрсетілген