(грунттық жіптер және түктік жүйе - табиғи жібектен). Маталар тегісбоялған, бір қүрылымнан жасалады, әртүрлі артикулды маталар - 90-140 см енімен ажыратылады, 1 м 2 матаның салмағы - 190 г, бүл ерекше терең түспен сипатталатын жоғары сапалы маталар. Мыса- лы, қара барқыт түсті көп жүтуының арқасында, барлық маталардың ішінде ең қара мата болып табылады, матаның түктік беттігі бүйымды әртүрлі фасонда модельдеуге мүмкіндік береді және барқыт әрлеуші материал ретінде қолданылады. Табиғи жібектен жасалған маталар тігін өндірісінде жеңіл со- зылады, боялады, сетінейді, тегіс маталар төсеген кезде жылжиды. Бөлшектерді біріктіру үшін № 65 жібек жіптері, № 80-100 мақтадан жасалған жіптер, ал өңдеу тігіміне жібек жіптері қолданылады, инелер жүқа және өткір (№ 75-85)