жағына жүн иірімжібі енгізіледі. Крептер вискозалы штапельді талшықпен жүннің қоспасынан, кейбір крептер үшкомпонентті қоспадан (жүн, вискозалы штапельді талшық пен штапельді лавсан) өндіріледі. Крептің бөлігі ви- скозды жібекпен ширатылған, вискозды штапельді талшықпен жүннің қоспасынан жасалған жартылай жүнді иірімжіп. Костюмдік шұбар-ала және фасонды маталардың топшасы триконың әртүрлі артикулдарын, костюмдік маталарды біріктіреді, олар осы мата түрінің белгілерімен сипатталады. Маталар ала шүбарлы болып, не болмаса жолақты және торлы суретті ірі өрнекті өріммен және көп түстік гаммалы тегісбояумен өндіріледі. Осы маталардың ассортименті 250 аса артикулдармен саналады, негізгі массасы ви- скозалы штапельді талшықтен жүннің қоспасынан, кейбірі штапельді лавсан мен вискозалы штапельді