бояу тәсілін ажыратуға болатын белгісі). 1 м 2 матаның салмағы 242-345 г, ені - 142 см. Маталар күңгірт сияқты, ашық түстердің көптеген гаммасымен сипатталынады. Осы топшадағы ассортиментке трико Люкс, Метро, Ударник, Старт, Десна сияқты маталар, костюмдік материалдарға жатады. Пальтолық маталардың топшасы габардиндерден, диагональдар- дан, пальтолық крептерден және бүртік маталардан тұрады. Бұлардың барлығы жоғары ширатпалы екі қабатпен ширатылған иірімжіптен өндіріледі және кейбірі қаттылықпен, сәйкес өрімнің арқасында алынған рельефті бетімен сипатталады. Өңделуі бойынша - бұл тегісбоялған маталар, бұл 1 м 2 матаның салмағы 270-475 г дейін, ені - 150 см. Олардың негізгі тағайындалуы - жаздық пальто, жеңіл ма- талардан - костюмдер. Бұдан басқа, маталарды жылытушы іштігі бар