арқауы жүндік иірімжіптен, ал екіншісі вискоздық штапельдік талшықпен жүн қоспасынан өндіріледі. Шұғаның әртүрлі құрылымы олардың әртүрлі қасиеттерін анықтайды. Шұғаның негізгі ерекшелігі құрамында жүн талшығының мөлшері (55-80 %), 1 м 2 760 г, матаның ені - 140-150 см. Маталар тегіс боялған және меланжды бо- лып өндіріледі. Шұғаның атауы олардың тағайындалуын анықтайды, яғни матрастық, шинелдік, кительдік, мектептік және костюмдік. Пальтолық маталардың топшасы 600 аса санға жеткен әртүрлі артикулды, ең көп таралған ассортиментті құрайды. Пальтолық маталардың ассортименті 1 м 2 - 315-570 г дейінгі орташа салмағымен, жоғары кеуектілікпен және қалыңдықпен сипатталады. Маталар әртүрлі өрімдермен өндіріледі және олардың түктік немесе киізтүрді беттігін қамтамасыз ететін,