7-БӨЛІМ ТОҚЫМА МАТЕРИАЛДАРДЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ 7.1. ӨНІМНІҢ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІ Өнімнің сапасы - қолдану мақсатына сәйкес берілген сұраныстарды қанағаттандыруға қажеттілігін көрсететін қасиеттер жиынтығы. Тоқыма материалдардың сапасын толықтай бағалау үшін сапа көрсеткіштерінің құрамасын негіздеп таңдау өте маңызды. Өнімнің сапа көрсеткіші - белгілі бір тұтыну шарттарына қарастырылған бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Киімнің сапасы көптеген факторлармен байланысты болып келеді. Әсіресе киім сапасын тікелей қалыптастыратын факторлар маңызды болып саналады: негізгі материалдардың сапасы, бұйымды жобалау (модельдеу және құрастыру) сапасы, технологиялық өңдеу сапасы. Негізгі материалдардың (маталардың, трикотаждың, бейматаның) сапасы, олардың қасиеттері (эстетикалық, гигиеналық, беріктік) көбінесе