киімнің қасиеттерін анықтайды. Материалдың өзінен киімнің функционалдық қолданысы, тұтынушының жасы және сырт бейнесі, сән бағыты айқындалады. Материалдардың гигиеналық құрама қасиеттері киім астындағы кеңістіктегі микроклимат жағдайына әсерін тигізеді, ал оның салдары адамның жұмыс жасау қабілеттілігіне және жағдайына әсер етеді. Киімнің керекті көлем-кеңістік қалпын жасау мүмкіндігі және оның тұтыну кезеңінде тұрақтылығы материалдардың серпімді- пластикалық қасиеттерімен, олардың қаттылығымен, күлтеленуімен, форма сақтағыштығымен байланысты. Киімді жобалау сапасы көбіне оның тек қана көлем-кеңістік қалпын және композициясын алдын ала анықтаудан басқа, көркемдік- эстетикалық