өнеркәсібінің мамандары ең алдымен тігін бұйымдарына арналған тоқыма материалдарына қойылатан талаптарды, қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтай және нақты тігін бұйымдарына арналған материалдардың бағалануын білуі керек. Тігін өнеркәсібінің технологиялық үдерісінің ерекшелігін, сәнді ескере отырып, тігін бұйымдарына арналған тоқыма материалдарды дұрыс таңдау, оның сапасының жоғарылауының маңызды шарты бо- лып табылады. Сол себепті, суретші-модельер, құрастырушы және техно-лог тоқыма материалдарымен жұмыс істегенде, оның қаси- еттерін біліп қана қоймай, тағы да киімде нақты сыртқы түрінің әсеріне жету үшін және киген кезде қолайлылықты қамтамасыз ететін, нақты берілген қасиеттермен киімді дайындауда қолданылуын білу қажет. Киімге таңдалған материалдарды