қасиетіне тәуелді болады. Тоқыма материалдардың қасиеттеріне көбінесе қолданылатын иірімжіп түрлері, оның алыну тәсілдері, сонымен қатар, матаның трикотаждың өңдеу әдісі, олардың жіптерінің өрімі, тығыздығы және әрлеу ерекшеліктері көп әсер етеді. Киімге арналған материалдарды құрайтын элементтері (талшықтар. иірімжіптер, өрімдер, әрлеулер) олардың сыртқы түрлерінің дай- ындалуына және қасиеттеріне әсер ететіндіктен, оларды құрайтын талшықтарды, иірімжіптің өңдеу тәсілдері, соңғы тауарлық түр беретін бұйымды дайындау және әрлеу әдістері осы курс тапсырмасы болып есептеледі. Тігін өндірісінің материалтану оқулығы студенттерге қажетті терең білім алуға, сонымен қатар оларды тәжірибеге қолдануға мүмкіндік жасайды. Бұл оқулықтың негізгі мақсаты «Жеңіл өнеркәсіп бұйымда- рының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы бойынша студенттерге әр