Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет406/417
Дата06.01.2022
өлшемі6,36 Mb.
#13660
түріОқулық
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   417
Өгізше  терісі.  Жаңа  сойылған  мал  терісінің  салмағы  -  13-17  кг 
аралығында,  ауданы  -  200-270  дм
2
,  сауыр  терісінің  қалыңдығы  -  3-4  мм. 
Мойын  терісі  қалыңдау,  сүт  сызықтары  теріде  де,  былғарыда  да  анық 
байқалады.  Өгізше  терісі  аяқ  киімнің  жоғарғы  бетіне  арналған  былғары, 
ұлтарақтық және юфть былғарысын дайындауға қолданылады.
 
Тайынша  терісі.  Жаңа  сойылған  мал  терісінің  салмағы  17  кг  жоғары. 
Салмағына  байланысты  сиыр  терісі  жеңіл  (17-25  кг)  және  ауыр  (25кг 
жоғары) болып екіге бөлінеді.
 
Сауыр терісінің қалыңдығы - 3,5-5 мм, қол терісініңкі - 2-2,5 мм, ауданы 
- 300-570 дм^, тұрқы 1,75-2,2 м аралығында болады.
 
Тері  құрылымы  біркелкілеу,  аяқ  киімнің  жоғарғы  жағы  үшін  былғары 
дайындауда  юфть,  ұлтан,  ұлтарақ,  ер-тұрмандық,  техникалык  және 
иленбеген шикі қайыс шығаруда қолданылады.
 
Бұқа  терісі.  Жаңа  сойылған  мал  терісінің  салмағы  17  кг  жоғары. 
Салмағына қарай бұқа терісін жеңіл (17-25 кг) және ауыр (25 кг жоғары) деп 
бөледі. Бұқа терісінің салмағы кейде 60 кг дейін жетеді немесе одан да асып 
кетеді. Ауданы - 550-600 дм^, тері қалыңдығы біркелкі емес, сауыр терісінің 
қалыңдығы - 4,0-4,5 мм, мойын терісінің
 
273 
18-6313 


қалыңдығы - 4-6 мм және одан да жоғары. Терісінен үлтандық, илен- беген 
қайыс,  техникалық  былғары  дайындалады,  ал  жеңіл  теріден  үлтарақтық 
былғары шығарылады.
 
Сиыр  терісі.  Жаңа  сойылған  мал  терісінің  салмағы  13кг  жоғары. 
Салмағына байланысты сиыр терісін жеңіл (13-17кг) орташа (17-25 кг) және 
ауыр  (25  кг  жоғары)  деп  бөледі.  Ауданы  -  200-450  дм^,  қалыңдығы:  жеңіл 
салмақтысыныкі - 2,5-4 мм, орташасынікі - 3-4,5 мм, ауырынікі
 
-  3,5-5 мм.
 
Терісі  біршама  тегістеу,  бірақ  көп  бүзаулаған  сиырдың  терісінің  қарын 
жағы созылған, біраз ақаулы болып келеді. Сиыр терісі аяқ киімнің жоғарғы 
бетіне  арналған  былғары  және  юфть  шығаруда  қолданылады,  бағалы  аяқ 
киімнің  үстіңгі  бөлігіне  арналған  былғары  шығаруға  іске  асатын  тілінді 
(спилок) алынады.
 
Одан басқа сиыр терісінен үлтан, үлтарақтық, ертүрмандық, техникалық 
және иленбеген қайыс шығарылады.
 
Жылқы терісі. Оның негізгі ерекшелігі  алдыңғы қол жағы мен сау- ыр 
терісінің қүрылымы және қасиетінің айырмашылығында.
 
Қол терісі мен сауыр терісінің шекара түсы жонарқаға қарама- қайшы, ат 
басынан есептегенде түрқының үзындығынан (һ) аралығында болады.
 
Қол терісі бостау, оның үстіне жонарқасы жалға дейін қатты, тығыздау 
сызаттары  бар,  ол  пішімдеуге  ыңғайсыздық  тудырады.  Жылқының  артқы 
сауыр терісін хазы деп, ал жаясын шпигель деп атай- ды.
 
Терінің жаясы өте тығыз келеді және үйкеліске төзімді, мықты, берік, су 
және ауа өткізбейді. Жылқы терісін ылғалдап түздау арқылы консервілейді, 
кейде кептіреді. Жылқы терілері майда және ірі болып бөлінеді.
 
Ірі жылқы терілері. Салмағы 10 кг жоғары жылқы терілері ірі шикізатқа 
жатады. Терілер салмағына қарай жеңіл (10-17 кг) және ауыр (17кг жоғары) 
болып  бөлінеді.  Терінің  ауданы  400  дм^  дейін  жетеді.  Қол  терісінің 
қалыңдығы 1,5-3 мм болса, сауыр терісінікі - 2-4 мм. Жармдылығы әр түрлі 
болғандықтан, шикізат кезінде жылқы терісін қол және сауыр терісі деп екі 
бөлікке бөліп, әр түрлі парияларға сүрыптайды.
 
Жылқының  қол  терісі  -  терінің  бөлінген  кездегі  алдыңғы  жағы. 
Салмағына  қарай  жеңіл  (12  кг  дейін)  және  ауыр  (12  кг  жоғары)  болып 
бөлінеді.  Қол  терісінің  ауданы  -  160-250  дм^,  сауыр  терісімен  түйіскен 
жеріндегі  қалыңдығы  -  2,5-3,3  мм,  ауыр  салмақтысының  ауданы  -170-  300 
дм^, шекарадағы қалыңдығы - 3-4 мм.
 
Қол  терісінен  аяқ  киімнің  жоғарғы  жағына  арналған  былғары  дай- 
ындайды.
 
Сауыры қол жағынан бөлінген жылқының терісі салмағына қарай жеңіл 
(5 кг дейін) және ауыр (5 кг жоғары) болып бөлінеді. Жеңіл сау-
 
274 


ыр терісінің ауданы - 60 дм
2
, ең қалың түсы - 3-3,5 мм, ауыр салмақты сауыр 
терісінің ауданы - 90 дм^, ең қалыңдығы - 3,5мм.
 
Қазіргі кездегі сауыр терісінен үлтан және үлтарақ жасайды.
 
Майда  жылқы  терісі.  Терінің  бүл  түрінің  алғашқысы  -  үлбір  жасауға 
жарамайтын, өлі туған немесе іш тастаған қүлын терісі. Ауданы - 30-60 дм,2 
салмағы  -1-2  кг.  Мүндай  қүлын  терісінен  галантереялық  бүйымдар 
жасалады.  Келесі  түрі  -  сүт  еметін  неме-  се  отқа  ілінген  қүлын  терісі, 
салмағы  5  кг  дейін,  ал  ауданы  60-130  дм^  болып  келеді.  Өзең  қабаты 
қалыңдау, тығыздау. Сүт еметін қүлын терісі бағалы үлбірлік шикізат, жүні 
жақсы  дамыған,  онша  өсік  емес,  жылтыраған  тегіс  болады.  Үлбір  жасауға 
жарамсыз  қүлын  терісінен  қолғаптық  және  аяқ  киімнің  жоғарғы  жағына 
арналған  былғары  жа-  салады.  Ал,  тай  терісінің  салмағы  5-10  кг  дейін, 
ауданы  120-200  дм^,  сауыр  терісінің  қалыңдығы  2-2,65  мм,  алдыңғы 
жағынікі  1,65-2  мм  болады.  Одан  аяқ  киімнің  жоғарғы  бөлігіне  арналған 
былғары дай- ындайды.
 
Қой  терісі.  Майда  шикізаттың  ішіндегі  ең  негізгісі  қой  терісі  бо-  лып 
табылады. Соның ішінде, біздің елімізде қой түқымы бірнеше ондаған түрге 
бөлінеді: негізінен етті, етті-жүнді және қаракөл түрлері өсіріледі. Былғары 
жасауға  жүннің  сапасы  үлбір  өндірісі  мен  тон  жасауға  жарамайтын  қой 
терілері  алынады.  Олардың  сапасы  қойдың  түқымына,  жасына,  сою 
уақытына  және  басқа  жағдайларға  байланы-  сты  болады.  Қой  терісі  нәзік, 
жүқа қыртыс қабатымен ерекшеленеді, ол тері қалыңдығының 1,8-2,5% ғана 
болады.  Тері  бетіндегі  табиғи  бедер  өрнегі  біркелкі,  майда,  әдемі  тегіс 
болып келеді. Тері өзеңі емізікше және торлы қабатқа айқын бөлінген, және 
емізікше  қабат  торлы  қабатқа  қарағанда  қалыңдау.  Қылшық  жүнді  қой 
терісінің түгі өте төмен тереңдеп орналасқандықтан, емізікше қабаты қалың 
(70-80%),  ал  бия-  зы  жүнді  қой  терісіндегі  емізікше  қабат,  керісінше,  онша 
қалың  бол-  майды.  Емізікше  қабатта  май,  тері  бездері  көптеп 
орналасқандықтан, ол бостау, кеуек қуыстары молырақ болады. Жас малдың 
терісіндегі өзеңнің  емізікше қабаты қалыңдау  болады. Торлы қабаты нәзік, 
онша  тығыз  орналаспаған  коллагенді  талшықтар  тобынан  түрады. 
Талшықтар  өрілімі  көлденең  және  майдың  шамасы  едәуір  мол 
болғандықтан, бүл қабат  осалдау болады. Май көбінесе емізікше қабат  пен 
торлы қабат шекарасына орналасқан. Майсыздандыру кезінде емізікше және 
тор-  лы  қабаттың  шекарадағы  байланысы  азая  түседі.  Осы  айтылған  жай- 
лар қой терісінен жасалған былғарының онша берік емес, созылмалы, бостау 
болып  келуінің  негізгі  себептерін  қүрайды  және  су  өткізгіштік  қасиеттерін 
арттырады. Қой терісінен аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары аяқ 
киімдік  «шеврет»,  киімдік  және  галантереялык  былғары  дайындалады. 
Сапасы  төмен  қой  терісінен  астарлық  және  галантереялық  былғары 
дайындалады. Жүні сапалы қой терілері үлбір
 
275 


мен тон өндірісі үшін қолданылады. Табиғи былғароы бейнесі 11.9-су- ретте 
көрсетілген.
 
Ешкі  терісі.  Ешкі  терісі  -  өте  қ¥нды  шикізат,  одан  сафиян,  шегірен 
сияқты  сапалы  былғары  бүйымдар  жасайды.  Әсіресе,  жас  ешкінің  терісі, 
былғарылық  шикізат  ретінде  өте  жоғары  бағаланады.  Одан  әйелдер  және 
ерлер  жеңіл  аяқ  киіміне  арналған  өте  әсем  былғары  «шевро»  дайындайды. 
Ешкі  терісінің  қыртыс  қабаты,  тері  қалыңдығының  2-3%  қүрайды.  Қыртыс 
пен өзеңнің шекарасы тегістеу болып келеді.  Емізікше қабаты кейде торлы 
қабаттан  қалыңдау,  себебі  түк  қалташалары  тереңдеп  өзеңге  еніп  жатады. 
Май бездері ешкі терісінде қой терісіне қарағанда азырақ, осының әсерінен 
емізікше  қабатында  бос  қуыстар  көп  болмайды,  ал  торлы  қабаты  берік, 
мықты болады. Өзеңді қүрайтын талшықтар тобы берік және жуандау, олар 
бір-бірімен  ілінісе  және  көлбей  орналасқандықтан,  былғары  берік,  әрі 
жүмсақ  болады.  Қой  терісі  сияқты,  ешкі  терісінің  сапасына  малдың  жасы, 
түқымы, сою уақыты және басқада себептер әсер етеді.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   417




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет