Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет411/417
Дата06.01.2022
өлшемі6,36 Mb.
#13660
түріОқулық
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   417
Байланысты:
материалтану

Сурет 12.2 - Әрлеу таспалары 
291 


 
292 


Қолданбалы  таспа  ретінде  өңірлік  көмкермені,  корсажға  арналған 
таспалар, шалбардың төменгі жағына жиектеме ретінде қолданылады.
 
Ызба. Ызбалар (тесьма) көп жағдайда өрілген болып келеді, ал тоқылған 
түрі сирек кездеседі.
 
Өрілген  ызбада  өрілген  жіптері  бір-біріне  зигзагқа  үқсас  қырларына 
бүрыш  болып  орналасады.  Осы  қүрылым  арқасында  ызба  үзындығы  және 
ені  бойынша  жақсы  созылады  және  онымен  тігіс  шеттерін,  күрделі 
конфигурациялы бөлшектерді жеңіл тігіледі. Ызбаны әйелдер және балалар 
бүйымдарында әшекейлі әрлеу ретінде қолданылады.
 
Өрілген  ызбаны  түрлі  енді  (2,5-25мм)  мақта  матадан  немесе  штапельді 
иірімдерден,  қүрамдас  вискозды  жіптерден  және  резеңке  жіптерден 
класстарға  бөлінетін  ызба  қүрауға  қатысатын  жіптерінің  са-  нына 
байланысты  таспа  тоқитын  машиналарда  дайындалады.  Өрілуіне 
байланысты ызбаны бір шалымнан кейін өрілетін жіптерден  бір өрімді, екі 
шалымнан өрілетін екі өрімді, үш жіп арқылы- үш өрімді болады. Қырларды 
тігуге арналған бір түсті ызбалар бүйымның түсіне байла- нысты таңдалады, 
әрлеу ызбасы тегіс боялған және екі, үш, одан да көп түстерден ала тоқылған 
түрлері болады.
 
Өрілген 
әрлеу 
ызбаларының 
түрлі 
үршықтардың 
жіптерінің 
тартылысының өзгеруіне байланысты пайда болатын толқынға үқсас өрілген 
жолаққа үқсайтын кең тараған түрі «вьюнчик» ызбасы болып саналады.
 
Әрлеу  ызбаларының  жаңа  түрлерін  өрімге  түрлі  суреттер  және 
қүрылымды  бауларды  қосу  арқылы  алынады. Тоқылған  әрлеу  ызбасы  тегіс 
боялған  болып  келеді,  бірақ  тегіс  боялған  және  ала  тоқылған  екі,  үш  және 
одан көп түсті болады.
 
Тоқылған  ызба-  мақта  матаның  иірімінен,  вискозды  штапельді  және 
қүрамдас  жіптерден  тоқу  машиналарында  түрлі  енді  болып  шығарылады. 
Ызба  жасайтын  бүл  машиналарды  үршық  санына  бай-  ланысты  кластарға 
топтайды.  Өрімдерге  байланысты  ызбаларды  бір  өрімді,  екі  өрімді  түрлері 
болады.
 
Әр-түрлі  енді  тоқылған  ызбалар  арқау  тоқитын  машиналарда 
шығарылады.  Ол  бір  түстімен  қатар  түрлі-түсті,  шілтерлі  әсерлі  және 
рельефті қүрылымды көлемді жіптерден, штапельді вискозды және лавсанды 
иірімдерден пайда болады.
 
Баулар - өрілген және оралған болады.
 
Өрілген  бауларды  ызбаға  үқсас  тоқыма  машиналарында  дайындай-  ды. 
Өрілген  баулар  вискозды,  капронды,  мақта  матадан  және  штапельді 
иірімдерден - қүрамдас жіңішке жіптерден өрілетін, бірнеше мақта ма- тадан 
қалың жіптерден (жүректі) өрімдерден пайда болады.
 
Әрлеуіш тоцылган бау-сутаж бау ортасында, өрім арасында қуыс пайда 
болып,  сыртынан  қүрамдас  вискоза  жіптерінен  өрілген  ені  2-3,5  мм  екі 
қалың  мақта  матадан  ширатылған  өрімнен  пайда  болатын  әрлеуіш  өрілген 
бау болады. Сутаждың сыртқы өрімі бір түсті және әр
 
293 


түрлі түсті болады. Сутажды әйелдер және балалар көйлектеріне, со- нымен 
қатар балалар костюмдерін әрлеу үшін қолданылады.
 
Тоқылған бау арнайы дөңгелек тоқыма  машинасында алынады (ШВМ), 
олар  түрлі  енді  және  формалы  болады.  Негізінен  балалар  киімдері  үшін 
әрлеу ретінде қолданылады.
 
Диаметрі 2 мм шамасындағы мақта матадан өрілген өңірлік  баулар- ды 
рельефті ілгекке астар үшін қолданылады.
 
Ілгекті  өрілген  баулардың  ортасы  мақта  маталы,  сыртынан  вискоз-  ды 
және  капронды  жіптерден  өрілген  болып  келеді.  Олардың  диаметрі  4мм 
шамасында болады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   417




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет