жатқызуға болады: грознейлік, ставрапольдік, сальскилік және азербайджандық таулы меринос. Грознендік тұқымы. 1929-1950 жылдар аралығында Дагестан өлкесінде «Червленые буруны» будандастыру заводында А.А. Дыл- кина, А.Я.Панкова және басқалардың көмегімен мазаевтік және жаңа кавказдық биязы жүнді қойларды австралиялық тұқымдас қойлармен будандасты-ру арқылы алынған. Тұқымды жетілдірудің негізгі мақсаты австралиялық меринос секілді, бірақ өте ірі жартылай дала- лы жайылымдарға бейімді, жүні биік, биязы мал алу болды. Грознендік тұқымдас қойлардың австралиялық қойлардан ерекшелігі салмағының ауырлығы, денесінің ірілігі, және өнімділігі. Денесі жинақы, мүйізі жақсы дамыған, терілерінің артықшылығы мой- нында, көкірегінде,