денесінде, құйрық ұшында байқалады. Грознендік тұқымдас қой 1.18-суретте көрсетілген.
30
Сурет 1.18 - Грознендік тұқымдас қой
Қойдың салмағы орташа есеппен 90кг, ұрғашы қойдың салмағы 48-50 кг, қырқылған жүннің салмағы 15-18 кг, таза жүннің салмағы 48-50 %. Қазақстандық бязы жүнді тұқымы. Қазақстан шаруашылығында 1931- 1946 жылдар кезеңінде В.А.Бальмонта және басқалардың басқаруы жолымен жергілікті, құйрықты қылшық жүнді қойларды пре- кос тұқымды қойлармен қарапайым өндірістік будандастыру арқылы жетілдірілді. Келесі будандастыру рамбулье тұқымымен жүргізілді. Қойдың таза салмағы 100-115 кг, ұрғашысынікі 55-60 кг дейін жетеді. Қойлардың қырқылған жүннінің салмағы 7-10 кг, таза жүнінің шығуы 48-50%, жүні өте сапалы.