қасиеттерін және олардан алынатын талшықтарды өзгертуге болады. Полиуретандар негізінде спандекс, лайкра, дорластан деп аталған синтетикалық жіптер жетілдірілген. Полиуретанды жіптерді алу үдерісінде оларды қалыптастыру балқытпадан, сондай-ақ құрғақ және ылғалды тәсілдермен ерітіндіде жүргізеді. Эластикалық полиуретандар негізінде полиуретанды жіптер шығарылады, қалыптастыруды ылғалды тәсілмен жүргізеді. Полиу- ретанды жіптердің ерекшеліктері - олардың жоғары эластикалылығы (үзілгенше созылуы 800 % дейін жетуі мүмкін), ал 300 % созылғанда эластикалы қайта келу үлесі 92-98 % құрайды. Полиуретанды жіптер тоқыма материалдарына жоғары эластикалық, форма тұрақтылық, мы- жылмайтын қасиеттер береді, олар үйкеліске төзімділігі өте жоғары (резиналы жіпке