3.2.1. Қарапайым (тегіс) айқаспалар Қарапайым айқаспалар түрлері: жаймалық, саржалық, атлас- сәтендік.
Барлық тегіс айқаспалардың ерекшеліктері мынандай: рап- портта әр негіз
жіп арқау жіппен бірақ рет айқасады, негіз бойынша раппортқа тең.
Жаймалық - тоқыма айқаспаларының ішіндегі ең көп тарағаны.
Жаймалық айқасуда негіз және арқаудың жіптері біреуден кейін айқасып
отырады: матаның бет жағына негіз жіп (н) және арқау (жіптер бойын- ша
жайма) жіп (а) кезекпен шығып отырады. Негіз және арқау жіптер бойынша
жаймалық айқасудың раппорты екі жіпке тең.
73
Жаймалық айқаспа матасы оң және астыңғы жағынан бірдей тегіс,
күңгірт болып келеді. 3.3. суретте жаймалық айқаспа көрсетілген.